Нұра аудандық мешітінің ұйымдастыруымен 12-13 қаңтар күндері ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұра кентінде «Тегін такси» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акцияның бірінші күні 15-16 такси қызмет көрсетсе, екінші күні 5 таксист жұмыстарын жалғастырған.
Ауданның бас имамы Ерлан Бокаевтың айтуынша, жаяу жүргіншіге жылу сыйлап, діттеген жеріне жеткізіп салуға ықылас танытқан — мешіт қызметкерлері мен мұғалімдер. Әрі өз қаражаты есебінен жүргіншіні қалаған жеріне жылдам жеткізуге атсалысқан. Мұның өзі адамдарды бауырмалдыққа, ынтымақтыққа, қайырымдылыққа баулу, аязды күні әр жолаушының жүрегіне жылу сыйлау болып табылады.
Нұрыш Нақыпова
“НҰРА ТАҢЫ