
Таяуда Астана қаласында өткен «Алаш» өнер орталығының ұйымдастыруымен өткізілген халықаралық «MEGA KONKURS» көпжанрлы өнер байқауында «Хореграфия» номинациясы бойынша нұралық Хасимхан Нұрқұлан жетекшілік ететін 12-14 жас аралығындағы «Шұғыла» би тобы бас жүлдені жеңіп алды. Жеті жыл жетекшілік еткен биші-ұстаз «Үздік ұстаз» дипломымен марапатталды. Ол ол ма, келесі күні топ жетекшісі кіші би тобымен Астана қаласында өткізілген халықаралық «Жас дарын» байқау-фестиваліне 4-7 жас аралығындағы қыздарымен қатысып, жүлделі 2-орынға ие болды. Би байқауы мұқият дайындықты талап ететініні ұғынықты болса да, би элементтері мен техникасын меңгерту үлкен іс. Бұл істе жас ұстаздың еңбегінің зор екендігі еш талассыз. Биік белестерде сәттілік болсын, жеңімпаздар!