Жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізі – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастырудың арқауы болған 1 наурыз — «Алғыс айту» күні. Елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.
Мерекелік күнге орай облыстық білім басқармасы, аудандық білім бөлімінің бастамасымен аудан мектептері арасында «Алтын жүрек» челленджі ұйымдастырылып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында С.О.Талжанов атындағы ЖББ мектепте тәлімгердің жетекшілігімен оқушылар ұстаздарына, ата-аналарына, барша қазақ халқына алғыс айтты.
Жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімді ешкімнен ешқашан аямау керек. «Рақмет» деген қасиетті сөзді жай айту — біздің парызымыз.
Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын жақсылық жасағысы келіп тұрады. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйренейік. Қазақ халқына алғысым шексіз.
Мухамедрахимова Ақмарал Сабиевна
С.Талжанов атындағы ЖББМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары міндетін атқарушы
Ақмешіт ауылы