
Тәуелсіздік мерекесі күні Кертінді ауылында жылдағы дәстүрлі қысқы мұз үстінен балық аулау жарысы тағы жалғасын тапты. Ауыл тұрғындары мен қонақтары арасында ынтымақтастық пен татулықты дамыту мен салауатты өмір салтын сақтау барысындағы бұл жарыс балықшылардың бәсекелестігін арттырды. Жалғасы жылдарға жалғанып отырған сайысқа Кертінді, Тассуат, Мыңбаев, Алғабас, Қайнар, Мұзбел, Көбетей, Ақмешіт ауылының балықшылары қатысты.
Балық аулауды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібіне сай үш ересек адамнан командалық сайыс, жеке сайыс жеңімпаздарына, мұз бұрғылау сайысы, шортан қармақ сайысы топтарына бөлінді. Екі сағаттық уақытта жай қармақ пен төрт шортан қармақ пайдалануға рұқсат етілді. Сайыс төрешінің ысқырығы бойынша басталды. Талап бойынша балық көлемі тұмсығының ұшынан құйрық қанатының орталық жарықшағы негізіне дейін өлшенетін болып танылды. Жеке сайыс балықшылардың арасындағы «Жасы ең үлкен балықшы», «Жасы ең кіші балықшы», «Ең бірінші балық аулаған балықшы», «Ең үлкен балық», «Ең кішкентай балық» деген номинациялар бойынша сайысқа түсті. «Мұз бұрғылау» сайысы қатысушылардың жастарына қарай 30-ға дейін, 50-ге дейін, 50-ден жоғары деп іріктелді. Таза ауада, тұнық судың бойында шаршағаны басылып, өмір сүруге деген құлшынысыңды арттыратын демалыс түрі – балық аулау сайыс қорытынды нақты әділ шешіммен аяқталды. Яғни, командалық сайыста тассуаттық С. Капутов, В.Капутов,Е.Герингтердің «Поплавок» командасы 1 орын, кертінділік А.Әлімжанов, Д.Жұртболов, Д.Ахтамовтардың «Балықшы» командасы 2 орын, мұзбелдік Иван Кильб, Илья Кильб, Володия Кильбтердің «Никита» командасы 3 орын иеленді. Жеке сайыста тассуаттық С.Капутов 1-орын, кертінділік А.Алімжан 2- орын, тассуаттық В.Капутов 3- орын иеленді.
Мұзбелдік И.Кильб жасы ең үлкен балықшы, кертінділік Н.Молдыбай жас, әрі ең кіші балықшы, алғабастық А.Юсупов үлкен балық аулаушы, кертінділік Д.Жұртболов ең кішкентай балық аулаушы, кертінділік С.Оспанов ең бірінші балық аулаушы болды.
«Мұз бұрғылау» сайысында тассуаттық В. Капутов 30-жасқа дейінгі, қарағандылық Ж.Балмағанбетов 50 жасқа дейінгі, кертінділік О.Сатанов 50 жастан жоғары мұз бұрғылаушылар болды. Шортан қармақ құру сайысында кертінділік Д.Жұртболов 1-орын, қайнарлық Ж.Балмағанбетов 2-орын, тассуаттық В.Капутов 3- орынға табан тіреді.Сайыстың бұл түріне тассуаттық С.Капутов демеуші болды.
«Қазіргі заман кімге қарасаң да шаршаған, өз уақыттары өздеріне жетпей күйзеліске жиі ұшырайтын адамдарды кездестіруге болады. Спорттың бұл тамаша түрі шаршағаныңды басып қана қоймай көңіл күйіңді көтеріп құлшынысыңды арттырады. Далалы жерде таза ауада бой жазғанға не жетсін. Қыстың қаһарлы аязына, суығына қарамастан бірнеше жылдан бері қатарынан жүргізіліп келе жатқан бұл сайысқа қатысушылар қатары жыл санап артып келеді. Мен үшін зор қуаныш десгім келеді», — дейді ұйымдастырушы С.А. Несипов мырза. Жеңімпаздар дипломдармен қатар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Балық аулап бақ сынасқан балықшылардың сайысы келер жылы да жалғасын табатынына кәміл сенімдіміз!
Нұрыш НАҚЫПОВА
“НҰРА ТАҢЫ”