Нұра  ауданы әкімінің орынбасары Мешітбай Жұманов аудан әкімі Аян Шалмағанбетовтің атынан  Нұра ауданының сәулет бөлімінің басшысы  Алтынбек Елшібекұлы Каусыловты 63 жас мерейтойымен құттықтады.

    Аудан әкімінің орынбасары  мерейтой иесін  өңіріміздің өркендеуі мен дамуы жолындағы қосқан елеулі үлесі мен ел игілігі жолындағы еселі еңбегін ерекше бағалап, қуанышты күнде  құрмет көрсетіп, иығына шапан жапты.

    «Еліміз үшін еңбек етіп, білімімен, адал парасатымен халықтың көз алдында жүрген азаматтар Нұра өңірінде өте көп. Біз сол азаматтарға лайықты құрмет көрсетіп, ғибратты ғұмырын басқаларға үлгі, жастарға өнеге етуді дәстүрге айналдарып келеміз. Алтынбек Елшібекұлы,  Сізді Нұра жұртшылығы атынан, Нұра ауданының әкімі Аян Тиыштықұлының атынан 63 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын», — деді аудан әкімінің орынбасары Мешітбай Жұманов.

   Алтынбек Елшібекұлы 1981 жылы Целиноград қаласының инженерлік-құрылыс институтын бітірген. «Ауыл шаруашылығы құрылысы» мамандығы бойынша жоғары білім алған инженер — құрылысшы.   Мамандығына берік, өз  ісіне сенімді  маман жарты ғасыр бойы осы салада  табысты еңбек атқаруда. 2006 жылдан мемлекеттік қызметте. 2013 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Нұра ауданының сәулет бөлімін басқарып келе жатқан білікті маман. Бүгінде Нұра ауданында  сәулет саласының өркендеуі, ауылдарда, аудан орталығында бой көтеріп жатқан жаңа нысандар, тұрғын үйлердің бәрі — осы бөлімнің келісімімен, басты жоспарға сай бекітіліп  жүзеге асуда. Сонымен қатар көшелерге орнатылатын кез- келген жарнамалық баннерлер, тағы да басқа ауданның, ауылдың келбетіне көрік  беретін құрылыс жұмыстарының бәрі басталмас бұрын осы  Алтынбек Елшібекұлы басқарып отырған бөлімнің рұқсатын алады. Жауапты жұмыс. Жауапкершілігі жоғары маман Пайғамбар жасын бағындырды. Құрметке бөленді.

Тазагүл ПІШЕНБАЕВА

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial