Аудандық Мәдениет үйінің әншісі Жазира Казимова Қарағанды қаласында өткен әнші, Қазақстан және КСРО- ның халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған «Ақмаңдайлым» облыстық вокалдық байқауда жоғары орындаушылық шеберлігі сараланып, жүлделі І орынды иеленді.
Облыстық байқау екі жас санаты бойынша өткізілген. Жазира Казимова 36-50 жас аралығында бақ сынаған 50-ден аса өнерпаздың арасынан өнері жоғары бағаланып, жеңімпаз атанды. Байқаудың мақсаты — Халық қаһарманы Роза Бағланованың мәдени мұрасын насихаттау, қазақ ән өнерін дамыту, орындаушылық шеберлікті арттыру болған. Екі кезеңнен де сүрінбей өткен Жазира алғашқы кезеңде Роза Бағланова шырқаған «Ах, Самара городок» әнін нақышына келтіре орындап, байқаудың екінші кезеңіне өткен. Жеңістің тұғырына халық әні «Бүлдіргенді» орындап көтерілген.
Өз тілшімізден