Биылғы жыл Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен – «Балалар жылы» деп белгіленді.  Осыған орай мұражай қабырғасында көптеген іс- шаралар жүргізілуде. Соның бірі — Балалар жылы аясында көктем мерекесі 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне арналған аудандық «Instagram Еркетайы» атты конкурс ұйымдастырылып, өткізілді. Байқаудың мақсаты — балалардың шығармашылыққа қызығушылығын арттыру, көшбасшылық қабілетін ояту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.

Конкурсқа 12 бүлдіршін қатысты. Қатысушылар өздерін таныстыру мақсатында  бейнетаныстырылым дайындады. Байқаудың ережесі бойынша Instagram әлеуметтік желісінде лүпіл жинау болды. Топ жарып,  суырылып алға 175 дауыспен шығып, ІІІ орынды Тассуат ауылынан  Крот Полина иеленсе, ІІ орынға 302 дауыс жинап,  изенділік Исатай Айзере мен құланөтпестік  Айтбай Айша көтерілді. Кертінді ауылынан үміткер болып қатысқан Хасен Айсара 373 дауыс жинап жеңімпаз атанды. Жүлделі І орынды иеленді.

 Наурыз айының 9 жұлдызында байқаудың қорытындысы, марапаттау рәсімі мұражайдың акт залында өтті. Жеңімпаздарға мадақтама, бағалы сыйлықтар табысталды. Белсене қатысып, зор ықыласпен көңілдерін бөліп қатысқан кішкентай бүлдіршіндерге алғысымыз шексіз.  Жеңімпаздарды құттықтай отырып, тек биіктен көрінулеріне тілектеспіз.

Оспанова Күнсұлу Келдібайқызы

Нұра аудандық тарихи-өлкетану

музейі директорының м.а

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial