Көктемнің шуақты мерекесі — Халықаралық әйелдер күні  қарсаңында аудан әкімі Аян Шалмағанбетовтің қатысуымен Нұра кентінің Мәдениет үйінде  салтанатты шара өтті.

   — Сіздерді көктемнің көрікті мерекесі – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

     Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен таралады. Қоғамның даму барысын әйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес.

  Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан ол сәби үшін ең жылы ұя. Әлемдегі бар жақсылық, жылылық, адамгершілік атаулының барлығы ананың сүтінен жаралған. Олай болса, біздің бүгінгі кездесуде, тек бүгінгі кездесуде ғана емес, әрқашанда ақ жаулықты аналарымызға айтар алғыс құрметіміз бен сүйіспеншілігіміз шексіз, — деді аудан әкімі салтанатты шара шымылдығын құттықтау сөзімен ашып.

     Іле, көктемнің алғашқы қызғалдағындай боп ерекше құлпырып отырған нәзік жанды нұралық ханымдарды аудан әкімі марапаттау рәсімінде ерекше құрмет көрсетті.

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына орай «Алтын алқамен» Шұбаркөл кентінің  тұрғыны, көпбалалы ана  Абишева Бақытгүл Амангелдіқызы,  «Күміс алқамен» Жараспай ауылының тұрғыны 

Эрмекова  Тынымгүл  Тубашовна, Қарой ауылының тұрғыны, көпбалалы ана  Түркенова Жазира Бауыржанқызы марапатталды. 

   Батыр аналардан соң облыстың  қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны, Жаңа Қазақстандық қоғам құру ісіндегі жеке еңбек және шығармашылық үлестері үшін облыс әкімінің Құрмет грамотасымен Абдолла Асылбеков атындағы мектептің бастауыш сынып мұғалімі  Жакупова Маржан Дюсенбековна,  Нұра аудандық орталық аурухана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Балтабаева Зинат Байбековна,   Міржақып Дулатұлы атындағы мектептің бастауыш сынып мұғалімі Темірбекова Майрагүл Жәкішқызы, Бүркіт Ысқақов атындағы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Мустафина Сара Айткешовна марапатталды.

     Нұра ауданының қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны, Жаңа Қазақстандық қоғам құру ісіндегі жеке еңбек және шығармашылық үлестері үшін Нұра ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен Аймағамбетова Әсем Бегайдарқызы, аудандық орталық балалар кітапханасының сектор меңгерушісі Кумпан Лидия Арсентьевна, ішкі істер бөлімінің маманы Балабиева Рымкен Елеуқызы, Нұра аудандық орталық аурухана  дәрігерлері:  Тусупова Жаныл Муктарбековна , Смайлова Томирис Имантаевна және аудандық аурухананың қызметкері  Мадина Раукен Мажитқызы,  Нұра ауданы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқарма- сының  бухгалтері  Строчевая Ольга            Николаевна,  Нұра ауданы прокурорының орынбасары Мұхамеджанова Айнұр Дулатқызы,  Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің экономист маманы Муканова  Анар  Нұралықызы,  Ұлттық сараптама орталығының Нұра бөлімшесінің зертханашысы Зарубаева Айгерим                   Бакытовна марапатқа ие болса, Нұра ауданы әкімінің алғыс хатымен Аринова Салтанат Қалаубайқызы, Турлыбекова Мейрамкүл              Акбалтаевна, жеке кәсіпкерлер:                        Гафятуллина Ульмира Дурбеновна мен Конькова Татьяна Павловна, Ахметтулина Әсел Ақылбайқызы, Нұра ауданы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының маманы                    Ивочкина Валентина Валерьевна, Нұра кенті әкімі аппаратының бас маманы                    Жанахметова Азиза Алмасқызы  марапатталды.

     «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық  бірлестігінің «Елеулі еңбегі үшін» медалімен Мұхамеджанова Мақпал Советқызы, Жұманова Ақбала Диханбаевна, Мұқанова Гүлнар Смагуловна марапат биігінен көрінсе, «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық  бірлестігінің ІІІ-ші дәрежелі «Еңбек даңқы» төс белгісімен  Тажмағамбетова Маржан Қайырбекқызы,  Кошкумбаева Гүлмира Мұратовна, Карисова Халима Камалқызы марапатталды.

    Салтанатты шараның соңы шуақты мерекеге арналған концерттік бағдарламаға ұласты.  

Өз тілшімізден

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial