Қараша айының 28-29 жұлдызында білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен өткен республикалық «Жыл оқушысы» байқауының аудандық кезеңінде мектебіміздің 3 үлгілі оқушысы бақтарын сынап, 2 оқушымыз үздік атанды. Өзін-өзі таныстыру, ұсынылған тақырыптарға эссе жазу, шешендік шеберлік байқауы, ұйымдастыру комитетіне портфолио ұсыну, финалдық менің визиттік картам сынды 5 шығармашылық кезеңнен тұрған байқауда М.Жұмабаев атындағы ЖББ мектебінің 10 «Ә» сынып оқушысы Өмірзақ Аяулым 2-орынды иеленсе, 6 «А» сынып оқушысы Кенесова Гүлден 1-орынды жеңіп алып, облыс бойынша өткізілетін сайысқа жолдама алды.
Аталмыш конкурста балалар 6-7 сынып, 8-9 сынып, 10-11 сынып оқушылары болып үш санаттық топта жарысқан болатын. Оқушылардың барлығы тиянақты дайындықпен келген. Бәрі де қабілетті, өнерлі өрендер. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне, рухани-танымдық жағынан өздігінен жетілулеріне, олардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту, жеке қабілеттерінің жаңа деңгейін қалыптастыруды мақсат еткен байқау онлайн форматта ұйымдастырылды. Балалар жылы аясында өткізіліп отырған осындай ауқымды шараға белсенді қатысқан оқушыларымызға бек ризашылығымызды білдіреміз.
Оқуда озат, өнерде алда болуды мақсат тұтқан Гүлденнің кіл мықтылардың ішінде тәжірибе жинақтап, ұтқырлығын танытып, көшбасшы атанып, мектеп атын асқақтататынына сенім артамыз. «Ат — шабысына қарай шабады, ер — намысына қарай шабады» демекші, қыз да болса талабы ерек Гүлденге бәсі жоғары байқауда жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектестік білдіріп, сәттілік тілейміз!

С.Серікбаева
М.Жұмабаев атындағы ЖББ мектебі

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial