

Таяуда Теміртау қаласында Нұра ауданының ІПБ ардагері учаскелік инспектор полиция майоры Нұрағалиев Ерлан Балғабайұлын еске алуға арналған Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі ардагерлерінің арасында шағын футбол турнирі ұйымдастырылды. Турнирге ішкі істер министрлігінің ардагерлері Қарағанды, Астана, Көкшетау, Павлодар, Петропавловск, Балқаш, Теміртау қалаларынан және Қызылорда, Жамбыл, облыстарынан командалар келді. «Барыс» орденінің иегері Батыр Ерлан Балғабайұлының ұлы Медет пен немересі Төре арнайы келіп қатысты. Нұра ауданының атынан да Нұра ауданы ІІБ ардагерлер ұйымының төрағасы А.Оразбекованың жетекшілігімен Ж.Ерниязов, М.Уашев, Н.Рахимжанов, Х. Рахимберлин, С.Пензов аудан намысын қорғап, тартысты ойын көрсетті. Медет Ерланұлы нұралықтардың « Нұра» командасында болып мықты шабуылдарымен көзге түсті. Нұра ауданы ІІБ басшысының орынбасары полиция майоры Нарлан Рамазанұлы ойынға жанкүйерлікпен бастан аяқ атсалысты. Жолдастық кездесу соңында әр командаға естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. Қызылордалықтар батырымыздың рухына арнайы ақ күріштен жасалған үлкен портретін сыйлыққа естелікке ұсынды. Табиғат анамыздың жақтаушысы, қорғаны болған батырымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес.
Нурыш Накупова