Қарағанды қаласында қазақша күрестен өткен республикалық «Өнер барысы — 2023» ашық турнирінде жерлесіміз, кертінділік Нұрмағанбетов Бауыржан Нұралыұлы қарсыластарына дес бермей, турнир жеңімпазы атанды.

 Бір ерекшелігі, жекпе-жекке кәсіби балуандар емес, еліміздің танымал азаматтары - актерлер, тамадалар, блогерлер, әншілер қатысқан. Жобаның негізгі мақсаты - елге  танымал өнер жұлдыздары, сахна саңлақтары арқылы қазақ күресін дәріптеу. 
 Бұл додада  республика көлемінде үш салмақ дәрежесі бойынша 50-ден аса өнер адамы күш сынасқан. Біздің жерлесіміз Бауыржан Нұралыұлы 74 келі салмақта өнер көрсетіп, үш қарсыласын  тізе бүктірген. 

- Ақтық сынға Дикий Монғол деген лақап атпен шыққан Жеңісбек Жәнібек есімді жігітпен шығып, таза жеңіспен жеңдім. 2022 жылғы Өнер барысында кеткен есемді реванш жасап  қайтардым десем де болады. Әрине, жаттықтырушысыз жеңіске жету оңай емес. Осы жолда жерлесім, өзіміздің Кертінді ауылының тумасы, белгілі палуан, жаттықтырушы Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері,  біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы Бекзат Ахметбековке қазақ күресінің қыр-сырынан үйреткен әдіс-тәсілдері үшін алғыс білдіремін,- дейді Бауыржан Нұралыұлы. 
   Бүгінде Қарағанды қаласының Сәкен Сейфуллин атындағы академиялық музыкалық қазақ драма театрының белді актері Бауыржан  Нұрмағанбетов алғаш 2021 жылғы өткен "Өнер барысының" 70 келі салмақ дәрежесіндегі жеңімпазы.  Осымен екі дүркін жеңімпаз атанып отырған өнер тарланы 28 наурыз күні Асылхан Төлепов ұйымдастырып отырған, Астана қаласында өтетін «Театр барысы - 2023» додасына дайындық бастап кеткенін жеткізді. Айдарынан жел ескен жерлесімізге бұл жекпе-жектен де асығы алшысынан түсіп,  жеңіспен оралуын тіледік. 


Олжас Бексұлтанов

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial