Қарағандылық Данил Мұсабаев Ханчжоудағы Азия ойындарында өнер көрсетуін 3 қазанда бастайды. Өткен жылы ол батут гимнастикасынан әлем кубогы кезеңдерінің жиынтығы бойынша әлемдік рейтингті басқарған алғашқы қазақстандық болды. 2023 жылы біздің жерлесіміз Бакуде өткен Әлем кубогы кезеңінде екі «алтын» жеңіп алды! Қарағандылық спортшы испандық Хорхе Мартин мен француз Аллан Морантеден озып, жеке жарыстарда бірінші орынды иеленді. Екінші «алтынды» Мұсабаев Пирмамад Әлиевпен жұптасып, синхронды секіруден жеңіп алды.
«Біздің үміткеріміздің көңіл-күйі қалай?»,- деп сұрадық батут гимнастикасынан Қазақстан құрамасының бас бапкері және спортшымыздың жеке тәлімгері Сергей Владимирович Вертянкиннен: «Әрине, мәре алдында қобалжу бар, кейде ашуланып қалады, бірақ біз мұның бәрін түсінуге тырысамыз. Данилдің ойы тек жеңіске жету! Басты және ең күшті қарсыластарымыз-қытайлар мен жапондар. Десек те, біздің батутисттер Азия ойындарында медаль жеңіп алады деп үміттенемін». Қазақстандық спортшыларға сәттілік пен жеңістер тілейміз! Данил Мұсабаевты қолдайық! Қарағанды қ. гимнастика спорт мектебінің тәрбиеленушілері де спортшылардың жеңіске жетулерін тілейді.
#Alga Qazaqstan