Кеше ғана мектеп табалдырығына имене қадам басқан балғын шәкірттер енді, міне, 42 әріпті толық танып болды. Буын құрап, сөз бен сөйлемді тұтас оқитын дәрежеге жетті. 1-сынып оқушыларының Жаңа жыл алдындағы бір қуанышты күні – «Әліппемен қоштасу». Осындай айтулы мерекені біз де атап өттік. Оқушылар осы уақытқа дейін меңгерген білімдерін және өнерлерін ортаға салды. Әліппеге арналған өлең жолдарын оқып, ән айтты. Сыныбымыздың ару қыздары мың бұралып «Айгөлек» биін билесе, ұлдар тобы «Қазақ» биін биледі. Мерекелік іс-шараның соңында шәкірттер «Әліппені» қалай меңгерсе, «Ана тілін» одан әрі асқақтатуға, жақсы оқуға ант берді.
Сәтті өткен мерекелік салтанат соңында мектеп әкімшілігі, ұлағатты ұстаздар және ата-аналар жылы лебіздерін білдіріп, Жаңа жылға ізгі тілектерін айтты.
Сагимбаева Гүлден Куанышевна
Жараспай ЖББ мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі