Баршын ауылының жас спортшысы Ислам Рамазанұлы ережесіз жекпе-жектен өткен Әлем чемпинатында жолы болып,  жеңісімен ауданның мерейін өсірді.

    Баршын мектебінің 6-сынып оқушысы    Рамазанұлы Исламның бапкері Боқан Еламан Серікбайұлының айтуынша,  бұл жарысқа баптаған шәкірттерінен іріктеліп алтауы барған. Жарыстың талабы бойынша үшеуі өз салмағында чемпионның белбеуіне таласқа түссе, енді үшеуі келесі жолы өтетін турнирғе, тағы да чемпиондықтың белбеуіне тартысқа түсу үшін жолдама алуға күш жұмсаған.

-Дайындап апарған шәкірттерімнің осалы жоқ. Чемпиондық белбеуді Ислам ұтып алса, қалған бес спортшым ақтық сында, финалда сүрінді, әлемдік жарыста жүлделі ІІ орынға табан тіреді дейді,- бапкері Еламан Серікбайұлы.

  Әлем чемпионаты Нұр-Сұлтан қаласының төрінде өткен, әлемнің бес мемлекетінен келген спортшылардан айласы мен әдіс-тәсілі басым түскен жерлесіміз жарады.   Жүректі бозбала Исламды жеңісімен құттықтаймыз! Исламмен мақтанамыз!

Ақнұр Сарина

Баршын ауылы

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial