Тиімді шағын және орта бизнес – қалалар мен ауылдарды дамытудың берік іргетасы. Шағын бизнес елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Ең алдымен ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді, жұмыссыздықты азайтады. Салық базасын қалыптастыра отырып, жергілікті бюджетті де толықтырады.
Шағын кәсіпкерліктің салалық құрылымы қалыптасып шын мәнінде өзгермейді. Онда өнеркәсіптік (ең алдымен өндірістік) және ғылыми-инновациялық қызмет елеусіз орын алады, сонымен қатар сауда, қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету саласындағы қызмет басым орын алады. Жалпы алғанда, шағын кәсіпкерліктің даму деңгейі мен динамикасы оның жұмыспен қамту мәселелерін шешудегі көмегіне сенуге негіз бермейді. Сондықтан салалық басымдықтары бар шағын бизнесті мемлекеттік қолдау өте маңызды.
Ауқымды жұмыспен қамтуға, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы шеңберіндегі қаржылық қолдау есебінен шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыру жолымен жұмыс орындарын құру ықпал етеді.
Бүгінгі таңда ауданда 21 кәсіпкерге 447 млн.теңге сомасына жеңілдетілген субсидиялар, кепілдіктер, шағын несиелер берілді. Оның ішінде 2 кәсіпкер сауда саласында айналым қорларын толықтырса, 19 кәсіпкер ауыл шаруашылығын дамыту саласында жаңадан техника алып, мал басын көбейтуде. Шамамен, 45 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Кәсіпкерлікті ынталандыру және дамыту мақсатында Қарағанды облысы бойынша Бизнесті қолдаудың жаңа өңірлік бағдарламасы әзірленді. Өңірлік бағдарламаны қорландыру жергілікті бюджет есебінен болады және Даму Қоры мен ірі компаниялардың қаражатын тарту жоспарда бар.
Өңірлік бағдарламаның жекелеген бағыты — өңір экономикасына оң әсер ететін әлеуметтік кәсіпкерлікті, креативті индустрияларды, туризм мен өңдеу өнеркәсібін қолдау болады.
Бұл бизнес үшін өте тиімді және тартымды құрал. Жылдық мөлшерлеме 5% — дан аспайды, қарыз мерзімі 5 жылдан аспайды.
Сондай-ақ, жұмыспен қамтуды ұлғайтуға және кірістерді арттыруға бағытталған жобалар іске асыру ықпал ететін болады, онда жаңадан жұмыс орны құрылатын болады.
Жыл қорытындысы бойынша біз 30 бизнес — жобаға қаржылық қолдау көрсету міндетін қойып отырмыз, бұл қосымша жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.
Жалпы бизнесті мемлекеттік қолдау шараларының арқасында былтырғы жылғы кезеңімен салыстырғанда бүгінде шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығарудың 35% — ға (14,6 млрд.теңге) және жұмыспен қамтылғандар санының 1,5% — ға (3179 адам) өсуі байқалады.
Ауданның барлық жұмыспен қамтылған халқының 27% — ы шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында кәсіпкерлерге келесі мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылуы мүмкін:
- Егер несие алатын болса, алынған несие бойынша субсидиялау. Пайыздық мөлшерлеме: 5%, қалған пайызын үкімет жабады.
Несиенің максималды сомасы: бағытына байланысты 7 млрд теңгеге дейін. Субсидиялау мерзімі 3 жылға дейін
2. Кепілдендірілген несиелер ( гарантирование) егер несие бойынша кепілдіктеріңіз жеткілікті болмаса кепілдік беріледі:
— ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін – несие сомасының 85%;
— жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін – несие сомасының 50%.
«Kaspi Bank» АҚ, «Хоум Кредит Банкі» АҚ басқа, несиелерді барлық екінші деңгейлі банктер береді.
Айнаш Құсаинова
Нұра ауданы өнеркәсіп және кәсіпкерлер бөлімінің басшысы