Елді алаңдатқан Шахтер мен Байтуған ауылдары арасын қосып тұрған облыстық маңызы бар күре жолға төнген қауіптің алды алынуда.
Осы жұмыстың барысымен танысуға аудан әкімі Аян Шалмаған-бетов арнайы барды.

Көктем мезгілінде өтетін су тасқыны науқанында Нұра өзені арнасынан тасып, табиғи түрде өз арнасын өзі шайып, кеңейтіп, Шахтер мен Байтуған ауылдарының арасын қосып тұрған облыстық маңызы бар күре жолға қауіп төндіріп тұрғанын сол жолдың бойымен жүретін тұрғындар жақсы біледі. Осы қауіпті жағдайдың алдын алу мақсатында ағымдағы жылы үш жылға жоспарланған үлкен жұмыс қолға алынды. Осы жұмыс барысында Байтуған ауылы мен Шахтер ауылы аралығында жалпы ұзындығы 17,1 шақырымды құрайтын өзен арнасының бұрылысы түзеліп, күре жолдан 1,5 шақырымға алшақтатылады. Өзен арнасы Көбетей елді мекеніне қарай бұрылмақ.
Санацияның жұмыс жобасында өзен арнасын тереңдету және түзету, сондай-ақ гидротехникалық іс-шаралар жүргізу қарастырылған. Өзен арнасына санация жүргізуге тапсырыс беруші «Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі болса, бүгінгі жұмысты мердігер ұйым «TOLAGAI-2050» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқарып жатыр.
Бүгінде жалпы жұмысқа 14 техника жұмылдырылған. Жоспарланған жұмыстың 30 пайызы ағымдағы жылы жүзеге аспақ. Бүгінде 3,5 метр тереңдікте беткі қабатын алу жұмыстарын аяқтап қалған. Бұл жұмыстың бірінші деңгейіне жатады. Екінші деңгейіне келген кезде бұл шұңқырды тағы да 3,5 метр тереңдікке қазатын көрінеді.
Аудан әкімі Аян Шалмағанбетов жұмыс барысымен танысу кезінде көктемгі су тасқыны кезеңінде төнетін қауіпті ескеру керектігін айтып, жұмыс барысына сай тапсырмалар берді.

Тазагүл ПІШЕНБАЕВА

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial