Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спортты дамытуда кешенді бағдарлама қабылдау керектігін мәлімдеген болатын. «Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаттары арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек», — деді Президент. Еліміз үшін ұлт саулығы бірінші орында. Ал денсаулықтың кепілі – спорт екені баршамызға аян. Сондықтан біздің Ақмешіт ауылында спорт саласына баса назар аударылуда. Спортың барлық түрі ауылда жақсы дамыған. Жастарымыз әсіресе қазақша күрес және NOMAD MMA спорт түрімен шұғылданады.  Өкінішке қарай, барлық спорттық шаралар онлайн форматқа ауысып, карантиндік талаптарды қатаң сақтай отырып  ұйымдастырылған жарыстардың өзі көрерменсіз, жанкүйерлерсіз өтуде. Былтырдан бері эпидемиологиялық ахуалға байланысты мектептің спортзалына кіруге мүмкіндік жоқтын. Сол себептен аудандық әкімдігінен біздің ауылда спортты дамыту үшін көп жағдай жасалды.  Нұра ауданы әкімі Шалмағанбетов Аян Тиыштықұлының тапсырмасы бойынша жас спортшыларымызға ауылымыздың Мәдениет үйін берді. Сол Мәдениет үйінде спортшыларымызға қажет жабдықтарын аудан әкімінің орынбасары Шабанбаев Қадыр Өмірзақұлы әкеліп, жағдайын жасап берді.  Біздің оқушыларымыз және ауылдың жастары осы жерде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып,  дайындықтарын жүргізді.

Сондай-ақ ауылымыздың азаматтары осы біздің жас спортшыларымызға демеушіліктерін көрсетті.

  Соның нәтижесінде осы 1-2 жыл аралығында біздің ауылдың балалары көп нәтижеге жетті. Атап айтсақ,  қазақша күрестен аудандық жарыста Мусин Маханбек, Мусин Райымбек, Намыс Алисұлтан, Сабит Имран жүлделі орындарға ие болса, облыстық NOMAD MMA сайысында Мусин Райымбек,  Кожабеков Нұрболат,  Жаңбырбаев Ерасыл, Ақбаров Бекзат, Мейрхан Шерхан жүлделі І, ІІ орындарға ие болды. 

  Ал биылғы 2021 жылдың 19-30 қазан аралығында өткен NOMAD MMA әлемдік чемпионатында біздің жас спортшымыз Мусин Райымбек жүлделі 2-орынға ие болып, чемпион атанды.

  Жоғарыда атағанымдай, ауылдың спорты жылдан-жылға дамып, жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Спортшыларымыздың түрлі дәрежедегі жарыстарда биік белестерді бағындырып, жеңіске жетуі – бапкерлеріміздің, жаттықтырушыларымыздың маңдай терінің жемісі. Сондықтан спортшыларымыздың жұлдызын жағуға үлес қосып жүрген ауылымыздың және ауданымыздың әкімдігіне, ауылымыздың жанашыр азаматтарына, еліміздің намысын қорғап жүрген спортшыларымызға, осы салаға енді ғана бет бұрған жас жеткіншектерге тек жеңісті күндер тілеймін. Алар асуларымыз бен бағындырар белестеріміз көп болсын!

Гулмира Амантайқызы

 Сулейменова

С.О.Талжанов атындағы

ЖББМ директоры,

Ақмешіт ауылы

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial