Ағымдағы жыл еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  атауымен Балалар жылы болып бекітілді. Еліміздің болашағы, бүгінгі бүлдіршіндерге саналы тәрбие мен сапалы білім беру шағын орталықтар мен мектепалды даярлық топтарынан бастау алады. Ойын балаларын қызықты ойын элементтерімен баурай отырып, білім әлеміне жетелеу — біздің міндетіміз.

   Осы орайда М.Сүлейменов атындағы ЖББ мектепте шағын орталық пен мектепалды даярлық топтары арасында «Менің Отаным — Қазақстан» атты апталық өткізілді.  Бүлдіршіндермен өткізілген ашық сабақтар мен интеллектуалдық ойындар барысында ой-өрістерін қалыптастыра отырып дамыту басты назарға алынды. Ойын арқылы балалардың өз ойларын жетік жеткізуге бағытталған сабақтың бірі Махаббат Аманжолова өткізген  «Шана тебеміз» атты ашық сабақта сөз, сөзден сөйлем құрау сынды жаттығу арқылы сөздік қорларын толықтырса, Нұргүл Сатанова өткізген математика негіздері сабағында «Жоғары, төмен» тақырыбы кеңінен ашылды.      Гүлдана     Искиндированың өткізген жаратылыстанудан  «Жануарлар тіршілігі» тақырыбында  ашық сабақта балаларға жануарлардың өсу ортасы көрсетіліп, олардың өмір сүруіне ауа райының, ортаның қаншалықты әсер ететіндігі суреттер, бейнеролик арқылы көрсетілді. Ал, өзім «Шыршаны бояймыз» атты ашық сабағымда өсімдіктердің қоршаған ортаға қандай пайдасы бар екенін аша отырып, ой мен қимылды қатар дамыту мақсатында шыршаны  әдемі, әрі ұқыпты бояп шығуға дағдыландырдым. Қорытынды кеш ретінде бүлдіршіндер арасында бәсекелестіктің алғашқы сатысын дамыту мақсатында «Балабақша көшбасшысы» интеллектуалдық сайысын ұйымдастырдық. Бұл сайысты балабақша тәрбиешісі Бірлік Торғай бүлдіршіндерді ұжымды сыйлауға, бір-бірінің пікірімен санасуға, ойын арқылы жауапкершілікке баулыды.

  Тәрбиеленуші бүлдіршіндерді ынталандыру мақсатында әр сабақта, интелектуалды ойын соңында белсенділігіне, ұқыптылығы мен ынтасына қарай балалардың бәрі марапатталды.

Жанар Аринова

“М.Сүлейменов атындағы  тірек мектеп (РО)” КММ шағын орталық тәрбиешісі

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial