Кеше Нұра ауданының әкімі Аян Тиыштықұлы Шалмағанбетов медицина саласының бірнеше мамандарын төл мерекелері қарсаңында арнайы қабылдады. Адам тағдырының арашашысы болған абзал жандарды шын жүректен құттықтады.
Мәртебелі маман иелерін елеулі еңбектері үшін Нұра ауданы әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады. Оған Нұра ауданының орталық ауруханасының хирургі Азирахмет Сүлеймен, гинеколог Головина Любовь Ивановна, жалпы практика дәрігері Онгарбаева Әлия Сериковна, 2003-2018 жылдар аралығында Нұра аудандық санитарлық-эпидемиялық бақылау басқармасының басшысы болған зейнеткер Досполова Гүлсара Курашевна, Нұра аудандық санитарлық-эпидемиялық бақылау басқармасы бақылау және қадағалау, қызметті жоспарлау және талдау бөлімінің бас маманы Сенкулова Ботагөз Болатқызы, Қарағанды облысы бойынша ҚР ДСМ КСК «Ұлттық сараптама орталығы» санитариялық-шаруашылық жүргізу құқығындағы лаборант Уашева Айгүл Сайлауқызы және Қарағанды облысы бойынша ҚР ДСМ КСК «Ұлттық сараптама орталығы» санитариялық-шаруашылық жүргізу құқығындағы лаборант Мусин Нурым Болатұлы ие болды. Алғыс хатпен қоса сыйлықтар да табысталды. Мерекелеріңіз құтты болсын, мейірімді маман иелері! Сіздер барлық құрмет-қошеметке лайықсыздар!
Нұрыш НАҚЫПОВА