Нұра ауданында жайылымдық алқаптарда халықтың мал жаюын қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, ауыл әкімдері, жергілікті қоғамдастық және «AMANAT» партиясының Нұра аудандық филиалы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету мәселесі Нұра ауданында өте өзекті тұр. 6 маусым күні ауданға«AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Тынышбайұлы Жұмағазиев және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Аманғали Бисенбайұлы Бердалин және Ерлан Бияхметұлы Саиров, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Шайдаров жұмыс сапарымен келіп, Жараспай және Қарой ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, мәселемен танысқан болатын. Жұмыс сапары барысында Нұра ауданында жайылымдық жерлерге байланысты туындаған мәселелерді шешу мақсатында аудан әкімі Аян Шалмағанбетовке ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, ауыл әкімдері және жергілікті қоғамдастық арасында меморандум жасау тапсырылған.
Араға бір апта салып аудан орталығына «AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ерлан Саиров пен Арман Қожахметов, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Шайдаров арнайы келіп, меморандумға қол қою рәсімінің куәсі болды.
Кездесу барысында аудан бойынша жайылымдық жер мәселесінің шешілу барысы туралы баяндаған аудан әкімі Аян Шалмағанбетов:
-Қабылдаған шаралардың нәтижесінде мал шаруашылығымен айналысатын жеке қосалқы шаруашылықтар үшін бөлінген жайылымдардың ауданы 380 мың гектардан 539 мың гектарға дейін ұлғайды, ауданның жеке қосалқы шаруашылықтарды жайылымдармен қамтамасыз етілуі 53 пайыздан 92 пайызға дейін жетті,- деді.
Жасалған меморандум барысында Қызылтал ауылдық округі бойынша 3 мың га., Нұра кентінде 1,2 мың га., Индустриальный ауылдық округі бойынша 2,5 мың га., Ақмешіт ауылдық округінде 9 мың га., Ахмет ауылында 5 мың га., Қарой ауылы 4 мың га., Құланөтпес ауылы 19 мың га., Көбетей ауылдық округінде 7,1 мың га., Шахтер ауылдық округінде 3,2 мың га., Егінді ауылдық округінде 19 мың га., Жараспай ауылдық округі бойынша 8,1 мың га., алқап жайылым жергілікті халыққа төрт жақты жасалған ынтымақтастық меморандумы арқылы берілді.
Партия хатшысы Эльдар Жұмағазиев жиынға қатысушыларды меморандумға қол қоюмен құттықтап, партияның бастамасын қолдаған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне алғыс білдірді.
-Бір апта бұрын жұмыс сапары барысында жергілікті тұрғындардың қазіргі проблемасымен таныстым, бүгін мен осы игі бастамаға қатысқан барлық жауапты адамдарға алғысымды білдіргім келеді. Үлкен жұмыс атқарылды. Келесі ауыл шаруашылығы маусымы да табысты болсын деп тілеймін, — деді «AMANAT» партиясының хатшысы.
Рәсім соңында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров фермерлерге жемісті еңбек тілеп, бүгінгі атқарылған жұмыстың қорытындысын шығара отырып, бұл бастама 5 маусымда қолдау тапқан жаңа реформаларға негізделгенін еске салып:

  • Бүгін біз өте үлкен қадамның куәсі болып отырмыз, жақында өткен референдумда Қазақстан халқы Конституцияға енген өзгерістерді қолдады. Онда жер ресурстары халықтың меншігі болып табылады делінген. Заңнамалық іргетас қалау қажет болды және бүгінде жергілікті қоғамдастық осы мәселені күш сала отырып шешуде және бұл жұмыс бүкіл Қазақстан үшін белгілі бір үлгі болады,- деп ойын қорытындылады.

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial