Мектеп оқушыларының жазғы демалысы сауық-сайранның басталатын уақыты. Тынық демалу мен жаңа күш қуат алу осы демалыстан басталса керек. Осы мақсатта біздің «Ыбырай Алтынсарин атындағы тірек мектебінің 6-11 сынып оқушыларынын құрылған топ мамыр мерекесінің демалыс күндері Түркістан қаласына саяхаттап барып келдік. Жүз рет естігеннен бір рет көрген артық деген рас. XІV ғасырда Қожа Ахмет Иассауи кесенесі салынған кейін Түркі әлемінің діни орталығына, әрі Түркістан қаласы саяси және экономикалық орталығына айналғандығына көзіміз жетті.
Әсем қала мен тарихи орындар Арыстан баб кесенесі, Есімхан кесенесі, Рабия Сұлтан бегім кесенесі, Құмшықата жер асты мешіті,Қылует жер асты мешіті, Ортағасырлық шығыс моншасы, Түркістан тарихи музейінің экспозициясы Тас, қола және ерте темір ескерткіштері, түркі кезеңіндегі Түркістан оазисі, Шауғар қаласы, Ясы қаласы, Қожа Ахмет Иасауи – «Түркістан пірі», Ескі Түркістан қаласы ертегідегідей әсер қалдырды десем артық айтқандық болмас. 2 мыңжылдықтан бері келе жатқан Түркістан қаласының тарихына енгізілген жаңарту заманауи ғимраттармен астасып жатыр.Осыншама сұлулықты көру мен құнды ақпараттармен қаныққан оқушыларымыз рухани зор байлықпен оралды. Қаншама әсермен оралған 26 оқушымыз бен ұстаздарымыз естелікке суретке түстік. Тағы бір айта кетерлігі Түркістанға саяхат жұмысының ұйымдастырылып отырғанына он жылдан артық уақыт болды. Соның өзінде біздің мектептің ұстаздары мен оқушылары бағыттағы саяхатты асыға күтеміз. Баласының көкірегі ашылып, тарихпен танысуына ықпал етіп, демеушілік танытып отырған ата- аналарымызға алғысымыз шексіз.Шындығында, ЮНЕСКО мойындаған – Түркістан біздің еліміздің киелі құт мекені.
Усенбекова Г.Ө.
«Ыбырай Алтынсарин атындағы тірек мектебінің»
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі