Талдысай ауылы мектебінің жанынан ашылған шағын орталық пен мектепке дейінгі даярлық тобының тәрбиеленушілері қуанышқа бөленді.
Балаларды қорғау күні қарсаңында ауыл азаматы болған, бүгінде елорданың тұрғыны Мухамеджанов Қасенге ауыл тұрғындары атынан алғысымызды білдіреміз. Балаларға қамқорлық жасау болашаққа бағдар жасайтын маңызды шара деп түсінеміз. Туып өскен ауылының бүлдіршіндеріне арнап, Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келіп, ойыншықтың түр-түрін сыйға тартты. Қашанда жаңашылдықты жақтап жүретін бүлдіршіндердің дамуына зор әсерін беретін ойыншықтармен толыққан шағын орталықтың ажары да кіре түскендей.
Еліне қамқоршы азаматтар көп болсын деген ниетіміз де бар. Елдің болашағы бүгінгі бүлдіршін екені рас. Бүлдіршіндердің дұрыс тәрбие алуы — мықты мызғымас елдің негізі.

Талдысай ауылы
әкімінің аппараты

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial