2022 жылғы 28 сәуір Нұра кенті
Нұра аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 99
«2022 – 2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде
05.05.2022ж №167173 болып тіркелген
Аудандық мәслихат ШЕШТІ:
- Нұра аудандық мәслихатының «2022 – 2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 99 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 25985 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2022 – 2024 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 7 757 475 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 1 398 742 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 47 388 мың теңге;
трансферттер түсімі – 6 311 345 мың теңге;
2) шығындар – 8 201 846,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 141 232 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 188 374 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 47 142 мың теңге;
4) қаржылық активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – — 585 603,1 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 585 603,1 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 188 374 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 57 454 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 454 683,1 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1, 4, 5 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. - Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Аудандық мәслихаттың хатшысы Т.Оспанов