Өзім көрмесем де, үлкендерден естіп-білгенім өзінше бір тарих. Атам Алькенов Дәміш 1907 жылы Нұра ауданы Жараспай ауылында туып-өскен. Еңбекке ерте араласып, егін егіп, шөп орған. Жастайынан еті тірі, пысық әрі еңбекқор болғандықтан, жастарды игі істерге жұмылдырып, жұмысын абыроймен атқарған. Сөйтіп жүргенде, екінші дүниежүзілік соғысы басталып, қолына қару ұстай алады-ау дегеннің барлығы Отан қорғауға аттанады. Солардың қатарында менің атам да бар. 1942 жылдың 26 шілдесінде әскер қатарына алынған азаматты әжеміз Кәкеш апа екі ұлы мен бір қызы майданға шығарып салады.
Атамыз Алькенов Дәміш Сталинград фронтының 1-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының 39-шы атқыштар полкінің 4-ші пулемет ротасында пулеметші бола жүріп, Ленинград қаласын қорғаған батырлардың бірі. 1942 жылдың соңында қатты жарақаттанып, 1943 жылдың сәуір айында соғысқа жарамсыз болып, үйіне қайтарылды. Соғыстан кейін Нұра ауданы Нуринский совхозында ферма басшысы болып жұмыс атқарды.
Соғыста неміс басқыншыларына қарсы ерлігі мен батылдық танытқаны үшін «Жауыңгерлік ерлігі», «Сталинградты қорғаған үшін», «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.
Қалай дегенде де, біз өз атамызды мақтан тұтамыз. Оның өмір жолы — біз үшін үлгі-өнеге. Өйткені ол сол сұм жылдарда фашизмге қарсы тұрып, Жеңісті жақындатуға үлес қосты. Сол бір жылдары еліміздің тыныштығы үшін жанын қиып, ерлік жасаған аталарымызды еске алып, ерліктері алдында бас иеміз.

Дәурен Анарұлы
Алькенов Дәміштің шөбересі,
Егінді ауылының тұрғыны

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial