Қасиетті Рамазан айында ораза тұтқан Нұра кентінің тұрғындарына аудан әкімі ауызашар берді.
Аудан орталығындағы мешіт асханасында өткен сауабы мол іс-шараға жүзден аса нұралық жиналды. «Кімде-кім ораза ұстаушының аузын аштырса, ораза ұстаған адамның сауабындай сауап алады», — дейді Пайғамбарымыз (с.ғ.с). Осындай игі істе бастамашы болған аудан әкімі Аян Шалмағанбетов қасиетті айдың сауабына бөленіп жүрген мұсылман қауымын Рамазан айымен құттытап, тұтқан оразаларына қабыл болсын айтты.

Ораза — тәннің зекеті, сабырдың жартысы, нәпсінің тізгіні, — дейді. Осыны зейініне тоқыған мұсылман қауымы қасиетті Рамазан айында ауыз бекітіп, Аллаға құлшылық етуде. Ал, ауыз бекіткен адамға құрмет көрсетіп, ауызашар беру – сауапты іс, — деп Нұра ауданы мешітінің бас имамы Ерлан Серікұлы дастарқан басына жиналған ауызы берік қадірменді қариялар мен ақ жаулықты аналар және тұрғындар атынан аудан әкіміне ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар ауызашар дастарқаны барысында діни уағыздар айтқан Ерлан Серікұлы марқұмдарға құран бағыштады. Ақсақалдар дастарқанға бата беріп, сауабы мол айда игілікті шара ұйымдастырған аудан әкіміне Жаратушыдан шапағат тіледі.

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial