Таяуда Қарағанды қаласында 14-16 жас аралығындағы жасөспірімдер аралығында асық атудан облыстық турнир өткізілді.  Ұлдар Нұра, Абай, Бұхар жырау аудандары мен  Карағанды, Теміртау қалаларының ойыншылары өзара бақ сынасты.  Кыздар арасындағы турнирға Бұхар жырау, Шет, Нұра ауданы мен Қарағанды, Абай, Теміртау қалаларының ойыншылары қатысты. Нұра кентінен қыздар командасы, Изенді ауылынан ұлдар командасы жасақталып, шешуші турнирде қыздар арасында Нұра командасы 2-орын, Изенді ауылының қыздар командасы 3-орын алса,  асық атудан Изенді ауылының ұлдар командасы 3-орын иеленді. Изенді ауылының жаттықтырушысы — Ағзамов Мұрат. Ақтық мәреде Изенді ауылының да,  Нұра ауылының да үш адамнан тұратын командасы епті екендіктерін көрсетті. Нәтижесінде, Нұра кентінің ойыншылары ІІ орын, Изенді ауылының командасы жүлделі             ІІІ орынды жеңіп алды. Ойынға жалпы 42 ойыншы қатысқан болатын. Бұған дейін де бірнеше мәрте облыстық кезеңде үздік ойын көрсеткені естеріңізде болар. Асықтарыңыз алшысынан түсе берсін, жерлестер! 

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial