Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы және «Сарыарқа» телеар-насының ұйымдастыруы-мен мемлекеттік тіл саясаты мен төл тарихты насихаттау мақсатында өткізілген «Ойөріс» зияткерлік телеойынына Нұра ауданынан Лаура Каленова, Айгерім Махметова және Ақерке Тастыбай қатысты. Бүркіт Ысқақұлы атындағы орталық кітапхананың қызметкерлерінен құралған «Жалын» тобы Теміртау қаласының кәсіптік-техникалық колледжінің ұстаздарымен өзара сайысқа түсті. Ойын барысында «Тұлғалар», «Тарихи орындар», «Көрікті жерлер», «Жұмбақтар», «Мақал-мәтелдер», «Көнерген сөздер» және топ басшыларының сайысы «Ойтаным» тақырыбында ұяшықтардағы сұрақтарға «Жалын» тобы мүдірмей жауап берді. Телеойынға қатысушы топтардың қабілеті мен шеберлігін арнайы сарапшы бағалауына сәйкес, Нұра ауданының «Жалын» тобы 580 ұпаймен алға шығып, жеңіске жетті!
С.Жұмабеков
Нұра орталықтандырылған
кітапханалар жүйесінің басшысы