20 сәуір күні Нұра ауданы Қоғамдық кеңесінің бекітілген  жаңа құрамы алғашқы отырысын өткізді. Ауданның тыныс-тіршілігімен етене таныс ел азаматтарынан құралған Кеңес мүшелерін алда үлкен жауапты міндет күтіп тұр.

Келелі жиын барысында Кеңес мүшелері Нұра ауданының Құрметті азаматы Сейілхан Қоңырбаев  мырзаны Нұра ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы  болсын деп ұсыныс білдіріп, бір ауыздан келісіп, сайлады. Осы орайда бүгінгі таңда Қоғамдық кеңестің рөлі мен қоғамға тигізер пайдасы туралы Кеңес төрағасымен сұхбат жүргіздік.

— Сейілхан Оспанбайұлы,  алдымен Қоғамдық кеңес мүшелерімен таныстырып өтсеңіз.

   —  Жаңа құрам биылғы жылы он бір адам болып бекітілді. Мұнда облыстық мәслихат депутаты  Прокоп Георгий Георгиевич, «Сарыөзен» серіктестігінің директоры  Абильдин Рамазан Мұқатайұлы, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы   Мақсұтов Зарлық Мақсұтұлы,         ҚР үздік мемлекетік қызметшісі  Даутова Зара Ахметжанқызы, зейнеткерлер  Демиденко Павел Павлович, Шомбинов Нұрдәулет Елеусізұлы, М.Сүлейменов атында-ғы ЖББ мектебінің директоры Нариманов Рахымтай Сектайұлы,  Нұра ауданы әкімдігінің мемлекеттік- құқықтық бөлімінің бас маманы  Шаяхметов Изат Қуандықұлы, Нұра ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы  Аубакирова Нұргүл Айтбайқызы, Нұра ауданы сәулет бөлімінің басшысы Каусылов Алтынбек Елшібекұлы.

    Бұған дейінгі екі шақырылымда болған  Қоғамдық кеңестің белсенді және еліне жанашыр нағыз патриот мүшелері А.Романенко, А.Есмағамбетова, Қ.Қарпықбаев, Ы.Таттыбаев, Б.Сыздықов,       Д.Намысов, Ә.Ашимов, Б.Мұханалиев, В.Шестерниндерге алғысымызды білдіреміз.

  -Қоғамдық кеңестің мақсаты мен міндеттеріне тоқталсаңыз?

   — Қоғамдық кеңестің негізгі мақсаты — халық пен билік ортасында тепе-теңдікті сақтау.  Мемлекет басшысы атап өткен  «Халық үніне құлақ асатын мемлекетті» орнату жолында қызмет атқару.  Азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру.

 Сонымен қатар  азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру,  республикалық, және жергілікті деңгейлерде шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту. Қоғамдық бақылауды ұйымдастыру, орталық және жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

— Қоғамдық  кеңес  жүгінің  салмақтылығын  байқап  тұрмыз.  Бұл жұмыс жүйелі іске асу үшін қандай шара қолданып отырсыздар?

—  Алдымен халықтың құқығын қорғау. Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қолдау, қоғам өмірінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету. Мұны бақылауда ұстау мақсатында бізде Қоғамдық кеңестің тұрақты комиссиялары құрылды. Атап айтсақ, бюджет, экономика, қаржы және бизнес мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы                Георгий Прокоп, мүшелері: Зарлық Мақсұтов, Рахымтай  Нариманов. Әлеуметтік мәселелер, қоғаммен жұмыс, құқықтық мәселелер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Зара Даутова, комиссия мүшелері: Нұргүл Аубакирова,  Павел  Демиденко.   Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Рамазан  Абильдин,  комиссия мүшелері: Алтынбек  Каусылов,  Нұрдәулет  Шомбинов. Ал, енді  Нұра ауданының Қоғамдық кеңесінің Президиумының құрамына  өзім —  Қоңырбаев Сейілхан Оспанбайұлы — Қоғамдық кеңес төрағасы, Оспанов Төлеген Хамзеұлы — аудандық мәслихаттың хатшысы, Прокоп        Георгий Георгиевич — Қоғамдық  кеңестің  тұрақты  комиссиясының  төрағасы, Даутова Зара Ахметжанқызы — Қоғамдық кеңестің тұрақты комиссиясының төрайымы, Абильдин Рамазан  Мұқатайұлы — Қоғамдық кеңестің тұрақты комиссиясының төрағасы. Міне, осы құрылған комиссияның жұмыс барысы біздің Қоғамдық кеңестің басты бағыттары болып табылады.

-Қоғамдық кеңестің жұмыс тәртібі қандай?

 — Қоғамдық кеңестің жұмыс тәртібіне келсек, маған және Қоғамдық кеңес мүшелеріне кез келген уақытта хабарласып, толғантқан сауалдарын қоюға болады. Халық алдында есеп беретін мемлекетті қалыптастыру жолында жұмысымызды жүзеге асыратын боламыз. Жалпы Қоғамдық кеңес жылына төрт мәрте отырыс өткізіп, жоспарға сай мекеме басшы-ларының, аудан әкімінің атқарған жұмыстары бойынша есебін тыңдайды. Ал, кезектен тыс кеңес өткізу қажеттілігі туындаған жағдайда, әрине, біздің тұрақты комиссия мүшелері алға қойған мақсаттарын тиянақты жүзеге асыру үшін жұмыс атқаратын болады.

-Сұхбатыңызға рақмет. Еңбектеріңізге табыс тілейміз!

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial