Республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінде Нұра ауданы оқушыларының командасы үздік қорытынды көрсеткені үшін ІІІ орынға ие болды. Бұл олимпиада Нұра ауданы білім алушыларының деңгейі мен ұстаздарының кәсіби біліктілігінің көрсеткішін шығаруда үлкен мүмкіндіктер беріп отыр. Оған дәлел — биылғы пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Дернова Валерия – 3-орын («Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектеп (ресурстық орталық), өзін-өзі тану пәні бойынша Әрін Нұрай – 3-орын (М.Жұмабаев атындағы ЖББ мектебі), орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша Макаева Камиля – 3-орын (С.Талжанов атындағы ЖББ мектебі), география пәні бойынша Рызокова Мөлдір – 2-орын (М.Дулатов атындағы ЖББ мектебі) алған оқушыларымыздың жетістігі. Шәкірттерін марқайтқан ұстаздар еңбегі қашан да ардақты. Нұра ауданы білім беру бөлімінің басшысы С.А.Муканова осы оқушылардың жетекшілері А.Т.Оспановаға, Н.Л.Кайыпбергеноваға, Р.Б. Мамбеталиеваға, Н.Б.Курманғазыға алғыс хаттар табыстады. Еңбектеріңіз жемісті болсын, ардақты ұстаздар! Нұралықтар, алға!
Өз тілшімізден