Аудан орталығы Нұра кентінде кәсіпкерлер қатары қалыңдап, жаңа кәсіп иесі қанатын кеңге жайды. Жаңадан  «AQ JAIYQ»  шағын маркеті ашылып, халықтың игілігіне жұмысын бастап кетті.

Шағын бизнес ошағының ашылу салтанатына арнайы келген аудан әкімі Аян Шалмағанбетов жас кәсіпкерлер Нұрғиса мен Аягүл Досполоваларды жаңа бастамаларымен құттықтап:

   — Жыл сайын нұралықтар өз кәсібін ашып, көптеген жаңа жұмыс орындарымен халықты қамтуда. Бүгін «AQ JAIYQ» кешені халық игілігіне қасиетті рамазан айында пайдалануға беріліп отыр. Осы деңгейдегі нысанның ашылуы аймақтағы кәсіпкерлер үшін экономикалық жағдайдың тұрақты екенін көрсетеді.

    Сіздердің бүгінгі игі бастамаларыңызға ақ жол, қолға алған кәсіптеріңіздің өркендеуін тілейміз, — деді.

  Салтанатты шара барысында аудан әкімі жас кәсіпкерлердің ата-анасымен бірге кешеннің лентасын қиды. Соңынан қуанышты бөлісуге келген нұралықтар шашу шашып, ақ адал тілектерін білдірді.

     Жалпы аумағы 360 шаршы метрді құрайтын  «AQ JAIYQ» кешенінің бүгінде шағын маркеті іске қосылды. Мұнда азық-түлік тауарларының түр-түрін таба аласыз, оның ішінде отбасының   жеке шаруа қожалығының өнімі табиғи  ет және сүт өнімдерін халыққа ұсынуды қолдап отыр.    Енді жақын күндері  60 адамға дейін отбасылық  мерекелерді атап өтуге арналған кафе және жазғы кафесі іске қосылып, жергілікті тұрғындардың игілігіне қызмет атқармақ. Әзірге бес жаңа жұмыс орнын ашқан кәсіпкер жақын күндері тағы 10 жұмыс орны ашылатынын жеткізді.

  — Мен бұл бастаманы жалғыз өзім іске асырған жоқпын. Отбасымыздың бірлігінің  арқасында келген дүние. Әсіресе ата-анамыздың қамқорлығы мен қолдауының арқасы. Жалпы жеке кәсіпті жолдасымның әкесі Құсбек Ермекұлы  ертеден  бастаған. Біз сол кісінің шәкірті ретінде, айтқан ақылын тыңдау арқылы жетістіктерге жетіп келеміз. Өте әділ, әрі шыншыл адам.  Кешеннің атауын                «AQ JAIYQ» деп атап беріп, ісімізге алғаш батасын берген де шаңырағымыздың тірегі, балаларымыздың атасы болатын,- дейді қуаныштан жанары бал-бұл жанған жас кәсіпкер Аягүл ханым.

    Айта кетейік, нысанды іске қосу мақсатында   30 млн теңге қаражат жұмсалып, 2 жылдың көлемінде құрылыс жұмыстары жүргізілген.

  Тазагүл   ПІШЕНБАЕВА

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial