Бокстың тарихы ежелгі заманнан басталады. Оның даму тарихын қазіргі ғалымдар біздің дәуірімізге дейінгі екі, үш мыңжылдықтар аралығында анықтаған.

    Жасөспірімдеріміздің  боксқа деген құштарлықтары мен сүйіспеншіліктері шексіз.

  Бокстан жасөспірімдер мен кіші жасөспірім арасында өткен   Нұр-Сұлтан қаласының республикалық турнирі 11-13 наурыз аралығында өтті. Бұл турнир біздің ауылымыз үшін ерекше. «Қарабатыр»  спорт клубында өткен турнирге  жалпы           30 команда, 250-ге жуық бала қатысқан. Қазақстан Республикасының көк туын шаршы алаңда желбіретіп, елдің еңсесін көтере білген  жасөспірімдер баршылық.  Изенді ауылы бойынша 14 бала қатысып, 6 қола, 2 күміс, 6 алтын әкелген жасөспірімдерімізді мақтан тұтамыз.

    Атап айтсақ:  Кеңес Ерболсын (66 кг)  3-орын, Темиров Темірлан (62 кг) 3- орын, Кешубай Жаңайдар (56 кг)  1-орын, Боранбай Ерхан (52 кг) 1-орын, Муратов Жантөре (50 кг) 1-орын, Рустемұлы Ерасыл (40 кг) 3-орын, Жақантай Әліби (38 кг) 3-орын, Смайлов Бақтияр (34 кг) 2- орын, Әбілда Кәрім (28 кг)  1- орын, Маханов Қажымұрат (28 кг) 3-орын, Өмірзақ Дархан (26 кг) 1-орын,  Бекен Әділ (26 кг) 3- орын, Омаров Еркебұлан (24 кг) 1-орын, Елубай Дінмұхамед  (22 кг) 2-орынды иеленді.  Топ жарған жасөспірімдерімізді жеңістерімен құттықтаймыз. Алар асулары  көп болсын.  Жер бетінде бокс десе ішкен асын жерге қоятын, шаршы алаңдағы шиеленіскен жекпе-жектерді көрмей, дегбірі басылмайтын жандар аз емес. Осындай жанның бірі, жасөспірімдерді  жетістікке жетелеп жүрген  бапкер —  Базылов Нұрлан Мұстайұлы. Өз ісінің  білікті  әрі тәжірибелі маманы.     Жасөспірімдерге боксшы болу жолында үлкен еңбек сіңіруде. Алдағы уақытта тек ақ жол тілейміз.

   Осы турнирге қатысуға  қаражат бөлген Нұра ауданының БЖСМ басшысы Игорь Юрьевич Пронинге балаларды жарысқа апарып келуге көлік бергеніне  алғыс айтамыз. Еңбектеріңіз бағаланып, ертеңгі күні чемпиондар шығып жатса, нұр үстіне нұр болар.

Ата-аналар комитеті

Изенді ауылы 

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial