Таяуда  Алматы  қаласында ұлттық ат спорты түрлерінен жастар арасында Қазақстан Республикасының турнирі өткізілді. Қарағанды облысының намысын қорғаған изенділік бауырымыз Тайжанов Ерғанат аударыспақтан жүлделі 2- орын иеленіп оралды.

  Спортшыдан үлкен ептілікті, күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін ұлттық спорттың бұл түрімен айналысқалы да 7-8 жылдың  жүзі болып қалды. 1999-2003 жылғы жастар аралығында ұйымдастырылған бәсекеге он төрт облыстан қатысушылар келді. Әуелде Қостанай, сосын Алматы қаласының спортшысымен бесекелесті. Жартылай финалға Батыс Қазақстаннан келген замандасымен тартысқа түссе, финалда түркістандық жігітке аттың құлап қалу салдарынан есесін жіберіп алды. 

-Бұл аударыспақ – әкеден балаға мұра болып келе жатқан  дүние ғой. Тәртіп бойынша ат үстіндегі айқасты жақсы меңгеру, тиянақты дайындықтан бұрынғы серігің ат болуы тиіс. Тайсалмайтын, үрікпейтін ат қана иесінің қолдаушысы болмақ. Осы жолғы жеңісімді, әрине,  місе тұтамын, дегенмен астымдағы атымның шыдамағандығынан екінші орынға түсіп қалдым. Жер шалғай болғандықтан, өз атымды апару мүмкін емес. Өзімнің баптауымдағы Сары шаяным болса, мүмкін бас бәйгеге табан тіреген болар ма едім?! Сондықтан бұйымтайға алған  бұйырған атпен сайысқа түсуге тура келді,- деді  әңгімесінде Ерғанат.  Жиырмадан жаңа асқан жігіттің алар асуы әлі алда. Аударыспақтың аламаны болатынына кәміл сенімдіміз. Жеңісті күнде жолығатын күн көп болғай!

 Нұрыш Нақыпова

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial