Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Үздік педагог» атақтарын беру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде өткізіледі.
Талаптар :
 Конкурсқа мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін білім беру ұйымдарының педагогтері қатысады:
     - білім беру ұйымдарының штаттағы педагогтері болып табылатын;
    -  Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз педагогикалық өтілі бар.
 
Қосымша ақпараттар:
"Үздік педагог" атағы білім беру ұйымдарының педагогтеріне жыл сайын конкурстық негізде беріледі.
     "Үздік педагог" атағы бір адамға он жыл ішінде бір реттен артық берілмейді.
Конкурс жыл сайын үш кезеңде өткізіледі.
Конкурстың I кезеңі – аудандық (қалалық), жыл сайын сәуір айында өткізіледі, онда екінші кезеңге қатысуға ұсынылған Конкурс жеңімпаздары айқындалады.

Қажетті құжаттар:
Конкурстың І кезеңіне қатысу үшін білім бөліміне  мынадай құжаттар мен материалдар ұсынады:
      1) Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
      2) білім беру ұйымдарының басшылары растаған педагогке арналған ұсыныс;
      3) жұмыс орны бойынша расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
      4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      5) білім беру ұйымының Комиссия отырысының хаттамасынан үзінді және қазақ және орыс тілдерінде ұсыныс;
      6) электронды тасымалдағыштағы жазылған оқу сабақтары;
      7) оқыту тіліндегі портфолио (педагогтің портфолиосының құрылымы осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген);
      8) эссе; эссе тақырыбын жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі айқындайды.
      9) осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген техникалық шарттарға сәйкес бейнеролик.
      Педагогтердің кәсіби қызметіндегі жетістігі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар бойынша бағаланады.
Конкурстың І кезеңінің қорытындылары Конкурс аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей ауданның  аумағына таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, сондай-ақ ауданның  білім бөлімінің интернет-ресурсында орналастырылады.
Конкурстың I кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар екінші облыстық кезеңге қатысуға жіберіледі.
    Облыстық  кезеңінің жеңімпазына  "Үздік педагог" атағы беріліде және "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар "2020-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2019 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген кемінде айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінде сыйақы төлейді, ол оның ағымдағы шотына бір уақытта аударылады.

Құжаттар қабылдау мерзімі:2022 жылдың сәуір айының 01-нен 16-на  дейін .
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады.
Мекен-жайы: Нұра кенті С.Сейфуллин көшесі,34үй
Ақпарат алу үшін телефон 8721-44-21898

Отдел образования Нуринского района объявляет конкурс  на присвоение звания «Лучший педагог»
Конкурс проводится на основании Правил присвоения званий «Лучший педагог», утвержденных приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 16 января 2015 года № 12( далее-Правила)
Требования :
 В Конкурсе участвуют педагоги организаций образования соответствующие следующим критериям:
- являющиеся штатными педагогами организаций образования;
-имеющие непрерывный педагогический стаж не менее пяти лет на момент представления документов для участия в Конкурсе.

Дополнительные сведения:
 Звание "Лучший педагог" присваивается ежегодно на конкурсной основе педагогам организаций образования.
 Звание "Лучший педагог" не может присваиваться одному и тому же педагогу более одного раза в течение десяти лет.
Конкурс проводится ежегодно в три этапа.I этап Конкурса – районный , проводится ежегодно в апреле месяце, где определяются победители Конкурса, рекомендуемые для участия во втором этапе.

Необходимые документы:
Для участия в I этапе Конкурса в отдел образования Нуринского района представляются следующие документы и материалы :
      1) заявка по форме на участие в Конкурсе согласно Приложению 1  настоящих Правил;
      2) представление на педагога, заверенное руководителями организаций образования;
      3) личный листок по учету кадров, заверенный по месту работы;
      4) копия документа, удостоверяющего личность;
      5) выписка из протокола заседания Комиссии организации образования и представление на казахском или русском языке;
      6) записанные учебные занятия на электронных носителях;
      7) Портфолио на языке преподавания (согласно  Приложению 2 настоящих Правил);
      8) эссе; тема эссе ежегодно определяется Министерством образования и науки Республики Казахстан;
      9) видеоролик согласно техническим условиям, изложенным в приложении 3 настоящих Правил.
Достижения в профессиональной деятельности педагогов оцениваются по критериям согласно приложению 4 к настоящим Правилам.
Решение конкурсной комиссии публикуются в средствах массовой информации, распространяемых на территории района , не позднее чем через десять календарных дней после окончания Конкурса, а также размещаются на интернет-ресурсе отдела образования района .

По результатам I этапа Конкурса победители направляются для участия во втором областном этапе.
      Победителю областного этапа присваивается  звание "Лучший педагог" в соответствии с пунктом 6 статьи 8 Закона Республики Казахстан "О статусе педагога" местными исполнительными органами выплачивается вознаграждение в размере не менее 300-кратного месячного расчетного показателя, установленного законом Республики Казахстан от 4 декабря 2019 года "О республиканском бюджете на 2020-2022 годы", которое единовременно перечисляется на его текущий счет.

Сроки приема документов: с 01.04.2022–16.04.2022года.
Документы принимаются в рабочее время.
Адрес: п.Нура ул.С.Сейфуллина 34
Телефон для справок 8721-44-21898

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial