Күлкісі үшін сәбидің

Анасы қажет тәрізді.

Бақыты үшін әр үйдің

Әйелдің бақыты маңызды – осы бір өлең шумақтары Ахмет ауылының тұрғыны,  жас ана Гүлжан Нұрланқызына арналып айтылғандай. Он алтыншы  Ахмет ауылына келін болып түскеннен математика пәнінің мұғалімі  болып орналасқан. Бүгінде тіл-көзден сақтасын деп айталық,  айналасы төрт-бес жылда үш баланың анасы атанып, бақыт қуанышына бөленуде. Сәбиінің күлкісін қымбат санаған Гүлжан Нұрланқызы қолдың кірі болып саналатын қызметке асығатын емес. «Қазағымның қара домалақтарын аман-есен өсіріп алсам, жұмысым ешқайда қашпас. Әйелдің бақыты – отбасы» деген пікірін құп көрдік. Олай болмай ше, 1993 жылы Қытай Халық Республикасы Көктоғай ауданы Қаратүңке ауылында қарапайым  шаруа отбасында дүниеге келген ол өз елі Қазақстанның бақытты ұрпағын жетілдірем деп ойлап па еді.

-Сол жақта 6-сыныпқа дейін оқып, 2007 жылы туған Отаным  — Қазақстанға, ШҚО Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауылына көшіп келдік.   Отбасымда әкем, анам, бауырым және мен төрт жанбыз. Әкем, анам —  қарапайым шаруа адамдары. 2011 жылы  Өскемен қаласындағы  С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне «Физика мұғалімі» мамандығына оқуға түсіп, 2015 жылы қызыл дипломмен бітірдім.  «Математика пәнінің мұғалімі»  мамандығы бойынша  Қарағанды қаласындағы  Е.А. Бөкетов  атындағы университетті  2017 жылы сырттай оқып, математика мұғалімі дипломын алдым.  2019 жылы  «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 3 бөлмелі үй алдым.  Қазіргі таңда жолдасым,   ата-енеммен және үш балапаныммен бірге тұрамыз, өте  бақыттымын! –деді жүзі жайнап, —  Жолдасым Рақымқазы қазіргі таңда Астана қаласында «Әс-Сәләм» мешітінде ұстаз. Балаларым Нұрасыл, Оспан және кішкентайым Фатима есімді қыз бала. Ұл-қызыма жүйелі тәрбие беріп, Қазақстанның білікті азаматы етіп тәрбиелеуді өмірлік ұстанымым деп білемін. Ұстаздық қызметімді абыроймен атқарып, болашақ ұрпаққа сапалы білім беру мақсатым, — деп әңгімесін тәмамдады. Ибалы әрекеті мен ілтипатты қылықтары анаға ғана тән инабатты танытып тұрды. Иә, әйелдің бақыты – отбасы.

Нұрыш НАҚЫПОВА

“НҰРА ТАҢЫ”

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial