4 наурыз күні Нұра ауданы білім саласының қызметкерлеріне арналған шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты шара өтті.
Жиынға ауданымыздың ардагер ұстаздары мен білім қызметкерлері шақырылды. Білім саласының ардагерлері Мукашева Бахыт Төлеутаевна, Шестюк Галина Анатольевна, Балабиева Зауреш Сальменовна, Скакова Рысты Торебековна, Сарсенбаева Раиса Кабеновналарды марапаттап, сый-сияпат көрсету үшін Нұра ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсұтов Зарлық Мақсұтұлы арнайы шақырылды.
Білім саласындағы ерен еңбегі, жоғары кәсібилік пен өз ісіне деген шығармашылық табыстарға жеткен Сәкен Сейфуллин атындағы ЖББ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Балкенова Орал Балтиновна, Жараспай орта білім беретін мектебінің кітапханашысы Буланбаева Бағдат Хасенбайқызы, Вишневецкая Наталья Николаевна – Абдолла Асылбеков атындағы ЖББ мектебінің медициналық қызметкері, Альшимбаева Рымтай Макажановна – Байтуған жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Бюрабекова Гүлмира Зейнуллаевна — Қарой жалпы білім беретін мектебінің химия пәнінің мұғалімі, Сүлейменова Айнұр Жомартовна – Мағжан Жұмабаев атындағы ЖББ мектебінің педагог-психологы, Тажимова Шакен Макажановна –Қарақойын ЖББ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Хумарбек Кенжегүл — Абай атындағы Шұбаркөл жалпы білім беретін мектебінің информатика пәнінің мұғалімі, Искакова Салтанат Досболовна — Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі, Протасенко Наталья Николаевна — Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Дмитрук Ольга Михайловна – «Алтын дән» балабақшасының есепшісі, Нуркенова Қарлыға Акимовна — Нұра кенті өнер мектебінің есепшісі, Омарова Зауреш Қуанышевна — білім бөлімінің техникалық қызметкері Нұра ауданы білім бөлімінің Құрмет грамоталарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Білім беру ұйымдарында көп жылғы еңбегі, аз уақыттың ішінде лайықты нәтижелер көрсеткені үшін Нұра ауданының білім қызметкерлерінің кәсіподақ грамоталары мен Алғыс хаттарымен келесі қызметкерлер марапатталды: Нидерквель Марина Серикбаевна – К.Шайменов атындағы ЖББ мектеп директоры, Хурманғажы Нұргүл – Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББ мектебінің география пәнінің мұғалімі, Шкенова Әсемгүл Сейлхановна – Ш. Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі, Акимова Галина Ивановна – Р. Қошқарбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі, Сыздыкова Жанат Бейсенбековна — Пушкин орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Бахиева Сауле Қалаубаевна –«Балбөбек» бөбекжайының тәрбиешісі, Қаржасова Гүлмира Балғабаевна – Мүтәш Сүлейменов мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Сурина Марина Викторовна – К. Мыңбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Жукенова Қуралай Маукеновна — Қарой ЖББ мектебінің кітапханашысы, Канафина Майра Ахмеджанова – С. Талжанов атындағы жалпы білім беретін мектебінің техникалық қызметкері, Базылова Гүлзат Кеңесовна — Нұра ЖББ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Саттарова Бахыт Бекболатовна — Ж. Аймауытов атындағы ЖББМ шағын орталық тәрбиешісі, Полеводина Марина Евгеньевна — А. Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Касап Ольга Ивановна – Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, -Смагулова Сауле Камбархановна — А.Байтұрсынов атындағы ЖББ мектептің физика пәнінің мұғалімі, Жұмабекова Унзила Ермухановна — білім бөлімінің техникалық қызметкері.
Құрметті білім саласының қызметкерлері! Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, денсаулық, сұлулық, бақыт, қуаныш тілеймін! Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғандарыңыз үшін сіздер қашан да өздеріңіздің сыйлы, сүйікті, қадірлі екендеріңізді ұмытпаңыздар!
Ана қуанышы, әйел қуанышы — әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі.
Отбасыларыңызға береке- бірлік, мол табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілейміз.
А.Х. Мустафин
Нұра ауданының білім қызметкерлерінің
кәсіподақ төрағасы