2022 жылдың 28 ақпанында аудандық орталық және аудандық балалар кітапханаларының ұйымдастыруымен Мейірімділік үйінің қабырғасында «Қазақстаныма айтар алғысым шексіз!» тақырыбында кездесу кеші өткізілді.

   Кітапхана қызметкерлері сталиндік режимнің жиырмасыншы жылдардың  аяғынан бастап,  әсіресе, 1931-1932 жылдардағы ашаршылық пен 1937-1938 жылдардағы қанды қырғын кезінде түрлі ұлт өкілдерін күштеп жер аударғандығы туралы және қазақ халқы өз отбасыларына мыңдаған депортацияланған адамдарды қонақжайлылықпен қабылдағаны жайлы бірнеше жыл бойы айтып келеді.

  Ұлы Отан соғысының уақытында өзге ұлт өкілдерін қазақ  жерінде өте көп мөлшерде қоныстанған кезеңі болып  есептеледі. Сталин қайтыс болғаннан кейін депортацияланған және эвакуацияланған халықтар бұрынғы жерлеріне орала бастады. Осындай адамдардың арасында танымал ақын Ангелина Ружинаның анасы да болды. Олар Жараспай ауылына қоныстанды. Ангелина Ружина Луганск облысының Старобельск қаласында дүниеге келген.

«…Там бродило наше детство

По дождинкам кружевным.

Там озерами степными

Голубел казахский край.

И под звездами ночными

Спал поселок Жараспай…»

  Жараспай ауылына арналған бұл әдемі өлең жолдары ақын Ангелина Ружинаға тиесілі. Ақынның жеке жараспайлықтарға  арнаған өлеңдері де бар.

 Іс-шара барысында оқушылар «Жараспай ауылында», «Майданға аттанған ұстаз», «Балалық шақ», «Жараспай туралы естелік» және тағы басқа өлеңдерін оқыды.

     «Бір шаңырақ астында» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

    Кездесу соңында оқушылар Мейірімділік үйіндегі жалғыз басты, қамқорсыз қалған адамдарға өз қолдарымен жасаған ашық хаттарды сыйлады.

С.А.  Мұстафина

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial