Нұра ауданының білім бөлімінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі «Жылыту маусымының басталуы туралы» № 430 бұйрығының негізінде барлық білім беру ұйымдарында жылыту маусымы уақытында басталды. Мектептерді  көмірмен қам­тамасыз ету – басты мә­се­­ленің бірі. Нұра ауданы бойынша  36 білім беру ұйымдары жұмыс жасайды, оның ішінде 32 жалпы білім беретін мектеп , 3 балабақша, 1 өнер мектебі бар. 2023-24 жылдарға арналған көмір импорты: Көмір жеткізуші «Дикан» ЖШС, жалпы сомасы 121,003 млн.теңгеге КР-300 және ДР 300 маркалы көмір жеткізіліп, мектептер толық қамтамасыз етілді.

Өңірдегі  29 мектепте- АСО, 1- орталықтандырылған, 5- пешпен, 1- сұйық жанар маймен жылытады. Барлық жылыту қазандықтары мен жүйелері қанағаттанарлық жағдайда.   Көмір мен күлді сақтауға және сақтауға қажетті жағдайлары жасалды.

 Оған қосымша, жылумен жабдықтау желілеріне күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп үш мектепте қазандықтар ауыстырылып жаңа заман талабына сай модульдік қазандықтар орнатылды олар: Балықтыкөл негізгі орта мектебінде жалпы қуаты 300 кВт, А.Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебінде жалпы қуаты 700 кВт, С.Талжанов атындағы жалпы білім беретін мектебінде жалпы қуаты 700 кВт жылыту қазандықтары бар БМК (блокты-модульдік қазандық) орнатылды, модульді заманауи қазандықтар арнайы мамандармен іске қосылып тексеріліп, қабылданды. (Мердігерлер: «Автодорснаб» ЖШС Ақмола облысы, ЖШС «NUR LIFE» Павлодар қаласы, ЖСШ «СтандартСтрой» Караганды қаласы) Бүгінгі күні барлық жұмыстар аяқталып, қазандықтар іске қосылды.

Есмағанбетов Арарат Мылтықбайұлы
Нұра ауданының білім бөлімінің басшысы

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial