Мектеп — ел ертеңін біліммен қаруландыратын, тәрбие беретін алтын бесік. Адамзаттың барлық жақсы қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіруде, олардың қоғамдық көзқарастарын дұрыс қалыптастыруда мектеп негізгі міндет атқарады. Өйткені, білім ұясы шәкірттердің жан — жақты дамыған жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал жасайды. “Ел болам десең, бесігіңді түзе”,- деген Мұхтар Әуезовтың ұлағатты сөзін ескерсек, Құланөтпес ауылының қақ төрінде орналасқан, білім ұясының қаланғанына ағымдағы жылы 64 жыл толды. Ж.Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Әлеуметтік маңызы бар нысанды жөндеуге  мемлекеттен ауқымды көлемде қаражат (113,8 млн.) теңге бөлінген. Ол ақшаға мектептің жылыту жүйесін жаңартып, кәрізі мен шатырын, есік-терезелерін алмастырған, гофрленген қаңылтырларды ауыстыру, әрлеу жұмыстары,  витражды орнату, электр монтаждау жұмыстары, жуынатын бөлмелерді жөндеу, сумен жабдықтау, канализация, өрт дабылы орнатылды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары келісім-шарт бойынша толық аяқталып , жаңа 2023-2024 жаңа оқу жылына   қыркүйек  айына  дайын болып уақытында қолданысқа берілді.

         Балалардың сапалы білім алуы үшін мектебіміз жаңа оқу жылында ажарланып, жарқыраған, кең де жайлы мектеп қабырғасына келген оқушылар, жаңа оқу жылында жақсы көңіл күймен келді. Оқу ордамыздың жаңаруы, оқу процесіне оң әсерін береді деген ойдамыз.

     Білім ордасының  жаңаруы мектеп оқушыларын ғана емес, ұстаздар мен ата-аналарымыз және ауыл тұрғындарын да қуантты.

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial