«Нұра ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ Жастар кәсіпкерлігін дамытумен қолдау үшін Нұра ауданы әкімінің гранты конкурсына өтінімдерді қабылдау басталғанын жариялайды. Өтінімдер 2023 жылғы 01 қарашадан 20 қараша сағат 18:30-ға дейін қабылданады.
• Грант сомасы өтініш берушінің бизнес жобасына байланысты (2 000 000 теңгеге дейін);
• Құжаттарды қабылдау пункті: электрондық форматта «Грантқа өтінім 2023» белгісімен grant.nura-2023@mail.ru электронды поштасына және қағаз түрінде Нұра ауданының ішкі саясат бөліміне Тәуелсіздік 37/2, байланыс телефонының нөмірі: +7 (708) 724-24-56.
• Барлық қажетті ақпаратты https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk/documents/details/544551?lang=ru сілтемесі арқылы өтіп Нұра ауданы әкімдігінің сайтынан көруге болады.
