Нұра ауданы мәдениет саласының қызметкерлері үшін биылғы жылдың төл мерекелері жылдағыдан өзгеше болды. Мәдениет үйінің жаңа директоры Әділбек Құмар таң азаннан аудандық мәдениет үйінің кіре берісін әсем безендірді. Әдеттегі жұмыс орнына, ауылды жерден келген әр қызметкер мен әр жұмысшыны басты назарға алып, қол соғып зор қошеметпен қарсы алды. Көтеріңкі көңіл сыйлаған әуен шарықтап, мерекелік көңіл күй сыйлады. Басшыларының тосын сыйы сәтті шықты. Әділбек мырза: «Ешқайсысына білдірмей, жылына бір болатын төл мерекелерін сезінсін деген мақсатта ойластырған едім. Күтпеген сәттегі қуаныштарына өзім куә болдым, қуандым. Әрі бұл ауданның барлық мәдениет қызметкерлері үшін өзімше тосын сыйым еді», — деді. Әріптестері де өз тараптарынан ризашылықтарын білдіріп жатты. Түске қарай Бүркіт Ысқақов атындағы аудандық орталық кітапханада Нұра ауданының мәдениет және өнер қызметкерлерінің аудан әкімі Мұқанов Бақытжан Мылтықбайұлымен кездесуі өтті. Дөңгелек үстел ашық-жарқын кеңес, сырласу сәті деп айтуға болатындай отырыс болды. Шығармашылық пен шабыт адамдарының ішкі әлемі сыртқы дүниеден бөлек екені белгілі. Десек те өнерлерімен қанаттанып, бір дүние әлемдегі күндегі қарапайым жандар өздерін толғандырған, жүректе жатқан ойларын ортаға салды. Кезек күттірмейтін мәселелерінің де шетін байқатты. Аудан әкімі Б.Мұқанов әр талап-тілекті жіпке тізгендей мұқият тыңдап, өз кезегінде көмек қолын созатынын, жағдайдың қарастырылатынын айтты. Жанға жайлы әңгімелесуден соң Нұра ауданы мәдениет саласының қызметкерлері мәдениет үйінде мерекені жалғастырды, әрі бірсыпырасы марапатқа ие болды. Шахарбаева Самал Бейбітқызы (Б.Ысқақов атындағы аудандық орталық кітапхана, бірыңғай қорларды ұйымдастыру және пайдалану секторының кітапханашысы), Жапарова Ақбота Ғалымқызы (Б.Ысқақов атындағы аудандық орталық кітапхана, құжаттар қорын толықтыру секторының басшысы), Вагнер Наталья Ивановна (Байтуған ауылының кітапханашысы), Оразбаева Құралай Сарсембекқызы (Көбетей ауылының балалар кітапханасының кітапханашысы), Кошкумбаева Гүлмира Мұратқызы (Ахмет ауылының кітапханашысы), Сарина Ақнұр Қайратбекқызы (Баршын ауылының кітапханашысы), Жүпенов Жаңбырбай Қасымұлы (музыка жетекшісі), Кұтжанова Рабиға Қосанқызы (Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі), Ахметова Жанар Ермекқызы (Құланөтпес ауылы мәдениет үйінің меңгерушісі), Кұрманова Самал Аманбайқызы ( Тікенекті ауылы мәдениет үйінің меңгерушісі), Казимова Жазира Бейбітқызы (К.Мыңбаев ауылының мәдени ұйымдастырушысы), Қоқанов Асығат Қасембайұлы (Кертінді ауылының мәдени ұйымдастырушысы), Оспанова Күнсұлу Келдібайқызы (Нұра ауданының тарихи-өлкетану музейінің кіші ғылыми қызметкері), Сатемиров Аян Гизатович (Нұра ауданының тарихи-өлкетану музейінің суретші дизайнері) Нұра ауданы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Шахарбаев Амангелді, Махамбетчин Ахан, Сенкулов Айтуган Рахимбайұлы, Бекмагаметов Дархан Боташұлы мәслихат төрағасының алғыс хатына ие болды. Салимжанова Қарлығаш (Көбетей ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі), Маркеева Асем (Құланөтпес ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі), Кылышева Ботакөз (Изенді ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі), Жақып Қайрат (аудандық мәдениет үйінің Зерде бейнемобилінің меңгерушісі ), жұмыскерлер: Сүлейменов Сайын, Несипбаев Дүйсенбі, Хамзин Асылхан, Булгаков Қуанышбай Нұра кенті мәдениет үйі директорының алғыс хатымен марапатталды. Марапат соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Иә, бұл күн шын мәнінде есте қаларлықтай мерекелік күн болды. Ауданымыздың өнері мен мәдениетіне сүбелі үлес қосып, осы саланың мерейін көтеріп жүрген олардың еңбектері шын мәнінде мақтануға тұрарлық. Киелі өнер жолында қасиетті еңбектеріне шабыт, жаңа шығармашылық ізденістер тіледік!

Нұрыш Нақыпова
“НҰРА ТАҢЫ”

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial