
Шеруова Еркежан Айтбайқызы, Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Нұра кентінде өсіп, мектептің 11 сыныбын қазіргі «Ыбырай Алтынсарин атындағы тірек мектебін» аяқтаған болатын. Мектеп кезінен белсенділік танытып, олимпиадалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға иеленді. Биология бағытын таңдау арқылы үлкен ғылым әлеміне аяқ басты. Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университетінде бакалавриат «Биотехнология» мамандығында оқып, 4 жылғы оқудан соң мамандық бойынша жастар тәжірибесінен өтті. Одан соң магистратура дәрежесінде дәл осы мамандық бойынша диссертациялық жұмысын қолға алды. Пандемия уақытына қарамастан жұмысына қажетті рұқсаттарды алып, жұмыс атқарды. Әр түрлі лабораториялық әдістерді меңгеріп, әрдайым сапалы білімге ұмтылды. Қазіргі таңда өзінің мамандығы бойынша Назарбаев Университетінде «National Laboratory Astana» ғылыми центрінде қызмет етеді. Мекеменің негізгі мақсаты — адам өмірі туралы ғылымдар, энергетика және басқа да пәнаралық ғылымдар саласында көпсалалы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу, сондай-ақ ғылыми зертханалар, эксперименттік базалар, орталықтар, ғылыми, ғылыми-техникалық, білім беру бағдарламалары мен мамандарды кәсіптік даярлау бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру жөніндегі институттарды құру жөніндегі қызметті жүзеге асыру болып табылады. Еркежанның жұмысы фармакология бағытындағы нанобөлшектер негізінде клеткаішілік инфекцияға қарсы тиімді антибиотик жеткізілуі бойынша атқарылуда негізделген. NLA құрамында екі жүзден астам қызметкер жұмыс істейді, мамандардың отызға жуық пайызы ғылыми және академиялық дәрежеге ие. Сонымен қатар, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде PhD дәрежесінде «Биология» мамандығы бойынша білім алып жатыр. Ғылыми жұмысы Қазақстан фаунасын зерттеуге арналған. Университет қабырғасында өтетін әр түрлі іс-шара, конференция, семинарларға белсенді қатысуға тырысады. Мысалы, ақпан айында өткен Онтарио Университетінің дүниежүзілік деңгейіндегі әйгілі профессоры, индекс Хирша h=113 Ibrahim Dincer ЕНУ қабырғасында өткізілген кездесуге қатысып, ол кісінің жұмысымен танысып, жастарға кеңесін тыңдадық. ЖОО бакалавриат кезінен тек ғылыми емес, әлеуметтік жұмыстарға да ат салыса белсенді түрде қатысып отырды. Ерікті ретінде «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде бастап, «Қазақстан студенттерінің Альянсы», «Молодость» жастар қозғалысы ұйымдарының мүшесі болып жұмыстар орындады.
Олжас Бексултанов