«Анам, әжем және мен» байқауының республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған және осы байқауға қатысып, белсенділік танытқан бүлдіршіндерді Нұра ауданы білім бөлімінің басшысы Арарат Мылтықбаев арнайы қабылдап, құттықтады.
Наурыз айында «Ана, әже және мен» республикалық байқауы республика көлемінде үш кезең бойынша өтті. Осы байқаудың үш кезеңінен де сүрінбей өткен «Балбөбек» бөбекжайының тәрбиеленушісі Андриенко Елизаветта анасы және әжесімен бірге үздіктер қатарынан көрініп, жеңімпаз атанды. Бұл отбасы байқау талабына сай қазақтың ұлттық тағамы шелпек пісіруге арнап қамыр илейді. Аталмыш көрініс бейнежазбаға жазылып, байқау комиссиясына жіберілген. Балабақшаның қазақ тобында тәрбиеленіп отырған Елизаветтаға ұлттық тағамның жасалу жолын анасы мен әжесі мемлекеттік тілде түсіндірген. Талғамы жоғары әділқазы алқасының елегінен өткен жұмыстар арасында «Балбөбек» балабақшасының тәрбиешісі Ләззат Орынбекованың жетекшілігімен дайындалған жұмыс «Ана, әже және мен» республикалық байқауында «Үздік аналар мектебі» номинациясын жеңіп алды.
Келесі қатысушы Қарой жалпы білім беретін мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісі Боранбай Іңкәр. Іңкәр аталмыш байқаудың облыс деңгейінен жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін марапатталған. Жетекшісі Салтанат Есмағанбетованың ұйымдастыруымен Іңкәр анасы және әжесімен бірлесе құрақ көрпе құрудың әдіс-тәсілдерін насихаттаған.
Жеңімпаздармен арнайы кездескен аудандық білім бөлімінің басшысы Арарат Мылтықбаев жеңімпаздарды жеңісімен құттықтап, арнайы сый-сияпат табыстады. Ата-аналары мен бүлдіршіндерге алғысын білдірді.

Олжас Бексұлтанов
“НҰРА ТАҢЫ”

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial