Балалар жылы аясында Қарой ауылында оқушылар арасында конькиден жылдамдыққа жүгіруден жарыс өтті.

   Қыс мезгілінде ауылдық жерде  тұрғындардың әуестене шұғылданатын спорт  түрі  — осы  конькимен сырғанау. Табиғаттың осы мезгілінде  ауыл ортасында көпфункционалды кортқа құйылған мұздың үстінде ауыл жастары мен оқушылары  қызыққа батуда.

— Қыстың алғашқы айы жылы болғанымен, осы қаңтар айынан бастап, мұз қатып,  ауыл болып хоккей ойнап, мұзда сырғанап демалудамыз. Қыс мезгілі осы көрінісімен де қызықты.  Ауылда конькимен сырғанауға бейім оқушылардың көп екенін көріп, оқушылар арасында жарыс ұйымдастыруды жөн көрдік,  — дейді Нұра  ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімінің спорт нұсқаушысы Салықов Азамат Советұлы.

  Бұл ұсынысты құп алған Қарой ауылының әкімі Сағындық Әбенов  те қолдап, демеушілік көрсеткен.   Жарысқа оқушылар арасынан үш топ қатысуға ұсыныс білдірсе, оның  екі тобы — ұлдар, бірі — орта буын, екіншісі — жоғары сынып оқушылары. Келесі топ қыздардан құралды.

 Жарыс қызықты өтті. Оқушылардың жарысты әсерлі өткізуге деген талпынысы мен жеңіске деген жігерлері көрермендерді еріксіз баурап алды. Сонымен, жарыс қорытындысы бойынша қыздар арасында ІІІ орынды Қазбекова Кәусар, ІІ орынды  Боранқұлова Жанар, І орынды Мамбетова Назгүл иеленсе, тура осы топтың ұлдар арасында  ІІІ орынды  Бекайдар  Әлмансұр,  ІІ орынды Кеңес Ерқанат,  І  орынды Жаңғазы Дамир қанжығалады.  Жоғары сынып оқушылары арасында өткен жарыста ІІІ орынды  Молоков Сергей, ІІ орынды  Жаңғазы Арлан,  І  орынды Несіпбай Нұрасыл жеңіп алды.

    Жарысқа қатысып, жеңіс тұғырынан көрінген жас спортшылар мақтау қағаздарымен қатар арнайы медальдармен марапатталды.  Сонымен қатар жеңімпаздар аудандық «Қарлы қыс — 2022» спартакиадасында ауылдың намысын қорғайтын болады.

болады.

Смаилов Самат

Қарой ауылы әкім аппаратының  бас маманы

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial