Ауыл шаруашылығы - ел экономикасын көтеріп келе жатқан ең ірі сала. Жаһандық даму үлгісінде ауыл шаруашылығы саласын өркендетіп келе жатқан ауыл тұрғындарының еңбегі зор. Мемлекет тарапынан ауыл еңбеккерлерінің кәсібін кеңейтіп, техникасын жаңарту мақсатында көмек көрсетіліп келеді. Біздің Нұра ауданы бойынша жер- ананың бабын тауып, еңбегін өрге сүйреп келе жатқан ауыл еңбеккерлеріне қаржылық тұрғыдан қолдау көрсетіп отырған - «Нұра - Астық» кредиттік серіктестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Кредиттік серіктестік жұмысын 2003 жылы бастаған. Алғашқы жылдары құрамында ауданға қарасты жиырма тауар өндірушілер, атап айтқанда «Қайнар», «Шахтер», «Черниговское», «Пржевальское» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен «Бейсембаев С.Т.», «Сулейменов Н.Х.» , «Алпыс», тағы да басқа шарауа қожалықтарымен бірлесе құрылған. Кредиттік серіктестік құрылған күннен бастап бүгінгі күнге дейін басқарма төрағасы қызметін Қайрат Бұқпаұлы Әбілев атқарып келеді.
Еңбек жолын 1981 жылы Нұра ауданының Госбанкінен бастап, саналы ғұмырын осы қаржы қызметі саласына арнаған. Бүгінгі күнге дейінгі осы саладағы қызметінің 30 жылдан астамында тек басшылық қызмет атқарған. Егемендік алып, ұлттық валюта теңге айналымға кірген тұста Нұра ауданының барлық валютасын теңгеге ауыстыру жұмыстары Қайрат Бұқпаұлының басшылығымен жүзеге асқан. Еңбегі бағалы білікті маманды 2003 жылы ауданның ірі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері бүгінгі қызметіне арнайы сайлап тағайындаған.
Өйткені, 2000 жылдардың басында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қаржы-лай қолдау мақсатында аудандарда кредиттік се- ріктестіктер ашылып, «Аграр-лық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының қаржыландыруы арқылы ауыл шаруашылығы қызметкерле-рін қолдау керек болды. Банкир мерейі дегеніміз де осы шығар, банк реформасының бастауынан қанып ішіп, бүгінгі күнге дейін үздіксіз қаржы саласын басқарып келе жатқан білікті маманға ауыл шаруашылығы саласының майталмандары сол кезде зор сенім білдірген. Сенімді ақтау мақсатында Қарағанды облысы бойынша Қарқаралы-дан соң екінші болып осы біздің Нұра ауданында ашылған кредиттік серіктестіктің барлық құжатын өзі басы- қасында жүріп тағайындап, заңдас-тырған. Бүгінде кредиттік серіктестіктің жұмысын халыққа ыңғайлы қызмет көрсету жолына қойып, қызмет сапасын жақсарту мақсатында Нұра кентінен жаңадан ғимарат тұрғызып, 2020 жылдан бастап іске қосты.
- Кредиттік серіктестіктер-дің негізгі міндеті – қаржы қызметтерін тұрғындар үшін қолжетімді ету. Кредиттік серіктестіктер экономикалық делдалдың рөлін атқара отыра, өз қатысушыларын оқыту және қаржылық сауаттылығын көтеру бағытында белсенді жұмыс жасап, оларды кредиттерді үнемді және тиімді пайдалануға машықтандыру. Кредиттік серіктестік – банктер сынды капиталдардың бірлестігін емес, адамдардың бірлестігін білдіретін қаржы институты. Банктердің қыз-метін клиенттер ғана пайдаланады, ал олардың саны шектеулі. Банктерге қараған-да, кредиттік серіктестіктер өз қызметін белгілі бір тұлғалар тобымен шектейді, яғни кредиттік серіктестіктің қызметін тек қана оның қатысушылары ғана пайдалана алады, - дейді басқарма төрағасы Қайрат Бұқпаұлы.
Ауыл шаруашылығы саласы - бұл тек қана егін орып, мал өсіру емес, ол күрделі әлеуметтік - экономикалық жүйе. Ауыл шаруашылығы сала қызметкерлері тамақ өнімдерін өндіру арқылы ауыл шаруашылығы шикізатын ұсыну арқылы халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылатып қана қоймай, сонымен қатар ауыл халқының тұрмыс-тіршілігін, олардың өмір сүру жағдайы мен сапасын жақсартуға еңбек етеді.
Өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп және жұмыс орнын ашып отырған ауыл азаматтарының жеке кәсібін кеңейтуде кредиттік серіктестіктің алар орны бір төбе. «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының қаржыландыруы арқылы «Агробизнес», «Кең дала», «Іскер» бағдарламалары бойынша іске асуда. Әр бағдарламаның ерекшелігіне сай несие 1 жылдан 10 жылға дейін берілсе, сәйкесінше жылдық пайыздық мөлшері де 4 пайыздан 17 пайызға дейін көрсетілген. Сонымен қатар мына 17 пайыздан берілетін «Агробизнес» бағдарламасы несиесінің 10 пайызын мемлекет субсидия бөліп жауып береді. Сайып келгенде, 4 -7 пайыз аралығында несие алуға зор мүмкіндік бар.
Жоғарыда атап өттік, серіктестік өзінің қатысушыларына ғана қызмет көрсетеді деп. Кередиттік серіктестікке мүше болам деуші ауылшаруашы-лығы тауар өндірушілеріне есік ашық. Мүшелік жарнасын төлеп, кез келген шаруа қожалығы мен жеке кәсіпкерлер кредиттік серіктестік құрамына кіре алады.
Серіктестіктің қызметі, бірінші кезекте, тартымды қаржы қызметтерін ұсыну арқылы оның мүшелерінің қажеттіліктерін қанағаттан-дыруға бағытталған. Сондықтан кредиттік серіктестік үшін банктер секілді мақсаты табыс алу емес, керісінше, қолжетімді қаржы қызметін ұсыну арқылы қатысушыларының қажет-тіліктерін қанағаттандыруға бағытталып отыр.
Жиырма жылға жуық қызмет уақытында серіктестік қатысушыларының саны 155-ке жеткен. Мұның 54 пайызы, нақтырақ айтқанда, 83 қатысушысы серіктестік қызметіне жүгініп, қаржыландырылған. Сол арқылы қожалықтарының техника паркін жаңартып, егін алқаптарын ұлғайтып, жеке кәсіпкерлікті дамытып және мал басын көбейту арқылы аудан экономикасына оң ықпал етуде.
Соңғы екі жылда 2021-2022 жылдары кредиттік серіктестік арқылы ауыл еңбеккерлері 40 жаңа техника, 44 жабдық, 510 ұсақ мүйізді мал, 66 бас ірі қара, 21 бас жылқы малы алынған. Жылдың соңына дейін 15 техника, 18 дана жабдық пен 23 бас ірі қара мен 39 бас жылқы малын алуға ұсыныс беріліп, қаралуда. Теңгеге шаққанда 2 977 904 504 теңгеге несие берілген, жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш өсері анық.
Бүгінде «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын несие алсаңыз, «Іскер» несиелеу бағдарламасы бойынша жеке ісін ашамын деген кез келген ауыл тұрғыны, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, бастауыш кәсіпкерлер және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға несие алуға мүмкіндік бар. Ал, «Агробизнес» бағдарла-масы арқылы ауыл шаруашылығы саласының барлық бағытында үлкен сомада несие алуға жағдай жасалған.
Осы бағдарламалардың көмегімен «Қайнар», «Шахтер», «Черниговское», «Пржевальское», «Жанбөбек», «Киевский», «Қарой» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен «Тассуат» ФШ ПТ, «СулейменовН.Х.», «Шұбаркөл», «Мусин Ч.А.», «Ли Г.Д», «Ержан», «Кугабаев Н.С.», «Оразалина К.» ШҚ , «Лабазанова А.А.» ШҚ, «Алпыс» ШҚ, «Байбол» ШҚ , «Престиж» ШҚ, «Бейсембаев С.Т.» ШҚ, «Досполов К.Е.» шаруа қожалықтары мен «Жангир», «Ақпан» фермерлік шаруашылықтары шаруасын шалқытып, мемлекеттің ауыл еңбеккерлеріне көрсетіп келе жатқан қолдаудын дұрыс пайдаланып келеді.
Тазагүл
ПІШЕНБАЕВА
“НҰРА ТАҢЫ”