Нұра кенті аудандық мәдениет үйінде Нұра ауданы білім бөлімінің ұйымдастырған аудандық «Жыл мұғалімі – 2022» байқауының соңғы қорытынды кезеңі өткізілді. Байқауының бірінші кезеңіне ауданның жалпы орта білім беретін мектептерінің 18 мұғалімі қатысса бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша финалға 7 жеңімпаз шықты.
Байқаудың бірінші кезеңі екі бөлімнен тұрған болатын: тақырыптағы сабақ және сабақтан тыс іс-шара жұмыстары бойынша сұрыпталған еді. Шәкірт үшін мұғалім – олардың еліктейтін, үлгі ететін абыройлы жаны, ұқсайтын тұлғасы. Жан-жақтылығы мен ептілігі, заманауилығы мен тапқырлығымен таңғалдырған ұстаздар «Визит картоскасы», «Ашық микрофон», «Үй тапсырмасы» номинациялары бойынша тартысқа түсті. Қатысушылар Шкенова Асемгуль Сейлханқызы(«Ш.Уалиханов атындағы мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі) , Кужуханова Жансая Газалиқызы (Жараспай жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі), Карабекова Нурсипат Бахтыбайқызы (С.Талжанов атындағы жалпы білім беретін мектебі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі), Бахриденова Зарина Серікжанқызы-(Қ.Шайменов атындағы мектептің қазақтілімен әдебиеті пәнінің мұғалімі), Базылова Гульзат Кеңесқызы (Нұра білім беретін мектебі бастауыш сынып мұғалімі), Ахметова Алтынай Сайлюбаевна – (Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тірек мектебінің география пәнінің мұғалімі), ш – (Р.Қошқарбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі). Байқаудың әуелгі турында әр ұстаз өзінің еңбек жолымен, өмірлік ұстанымы мен мамандығына деген махаббатын, оқушысына деген пейілін, еңбек жолындағы табандылығын танытатын таныстырудан бастады. Сырт көзге бірден түскен бұл байқау жеңістің бастауы болары көрініп-ақ тұрды. Ұстаздың тіл орамдылығы, шешендігін, қиял өрісін танытқан, Ашық микрофонй бөлімі ұстаздың зейінділігін де көрсетіп тұрды. Тартымды, әрі қызықты ұйымдастырылған «Үй тапсырмасы» бөлімі әр ұстаздың жеке жексенбілік бір күніне арналды.

Шындығында, ұстаз – бес аспап маман,аяулы ана, мектептің тірегі, отбасының жүрегі, ардақты жан. Әр ұстаздың жексенбілік күнін видео жүктеулер арқалы қадағаланды. Әр қайсысы өзінше тартымды, өзінше бөлек, өзінше қызықты болды. Әр номинация аралығында аудандық мәдениет үйі мен өнер мектебінің әншілері бишілері реңін кіргізіп отырды. Сайдың тасындай өмірден көргені, түйгені әділ қазылар дұрыс шешім шығарды. Нұра ауданының білім беру бөлімінің басшысы С.А.Муканова аудан мектептерінің бірсыпыра жыл бойы қажырлы еңбегімен жақсы нәтижеге, нақты табысқа жеткен ұстаздарына алғыс хаттар мен дипломдар табыстады.
Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және білім саласына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен Құланөтпес негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жүнісова Орал Ғаниматқызы, Құланөтпес негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әбілова Гүлмира Аманжолқызы, Білім беру саласын дамытуға қосқан мол үлесі мен педагогикалық қызметте шығармашылық табыстарға қол жеткізіп ,біліктілік танытқаны үшін Қарағанды облысының білім басқармасының Құрмет грамотасымен «Ыбырай Алтынсарин атындағы тірек мектебінің» математика пәнінің мұғалімі Искакова Салтанат Досполқызы, «Міржақып Дулатұлы атындағы мектебінің аға тәлімгері Адьят Байкал, «Дакен Шалабеков атындағы бастауыш мектеп» меңгерушісі Сакимова Салтанат Омиртайқызы, «Қайып Шайменов атындағы мектебінің» музыка пәнінің мұғалімі Махаметчин Ахан Дулатұлы, Қарақойын жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Исина Бикеш Тусупқызы, Қарағанды облысының білім басқармасының Алғыс хатымен Шоқан Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі Сыздыкова Шолпан Балташқызы, өнер мектебінің мұғалімі Оспанова Алия Талғатқызы, «Кәрім Мыңбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің» қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Шахметова Бибигүл Мартайқызы, Сәйділ Талжанов атындаңы жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Кусаинова Салтанат Кабдрахманқызы, Құланөтпес негізгі орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Каласова Алия Зейнылқабиденқызы марапатталды. Сыбайлас жемқорлыққы қарсы мәдениетті мектеп ортасында насихаттап ,жемқорлыққа қарсы қозғалысқа жастарды тартып ,өскелең ұрпақтың азаматтық белсенді ұстанымын, еліміздің дамуына жауапкершілік сезімін қалыптастырып, «Адал ұрпақ»жобасында белсенділік танытқаны үшін Қарағанды облысының білім басқармасының Құрмет грамотасымен Мағжан Жұмабаев атындағы мектебінің ұжымы мен оқушылары, Қарағанды облысының білім басқармасының Құрмет грамотасымен Байтуған жалпы білім беретін мектебінің ұжымы мен оқушылары, Қарағанды облысының білім басқармасының Құрмет грамотасымен Ыбырай Алтынсарин атындағы тірек мектебінің ұжымы мен оқушылары марапатталады. «Жеңіске деген ерік үшін» номинациясы бойынша Балмагамбетова Тазагуль Балташқызы, «Көрермендер көзаймы» Кожуханова Жансая Газалиқызы, «Ең үздік үй тапсырмасы» Базылова Гүлзат Кеңесқызы 3 орынға ие болған Ахметова Алтынай Сайлюбаевна 40 мың теңге құндылығымен сертификат, жеңімпазына дипломы мен 2 орын Бахриденова Зарина Серікжанқызы 60 мың теңге құндылығымен сертификаты, «Жыл мұғалімі-2022» аудандық байқауының 1орынға ие болған Қарабекова Нұрсипат Бахтыбайқызы 80 мың теңге құндылығымен сертификаты мен марапатталды. Жүлделі бас жүлде мен облыстық ке зеңге жолдама «Жыл мұғалімі-2022» байқауының жеңімпазы, бас жүлдегеріне дипломмен және 100 мың теңге сертификат құндылығына Шкенова Асемгул Сейлханқызы ие болды. Облыстық кезеңдегі байқауда Асемгүл Сейлханқызын жүлделі орында көрелік.

Нұрыш НАҚЫПОВА

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial