«Халықтың табысын арттыру бағдарламасы қабылданды. Бірақ оның жұртқа тигізіп жатқан пайдасы шамалы. Ең алдымен, жергілікті жерлерде тиімді жұмыс жүргізілуі керек. Әкімдер жыл сайын әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашуға тиіс».


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

Шағын және орта бизнестің қанатын кеңге жаюына ықпал ету арқылы елдің экономикалық-әлеуметтік жағдайын көтеру бағытында елімізде бірнеше бағдарлама қабылданған. Күні кеше Президент Қасым- Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында осы бағыттың да жұмысын сынға алды.

Осы турасында Нұра ауданында шағын және орта бизнеске қандай қолдаулар көрсетіліп жатқаны туралы аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Айнаш Жақсылыққызы Құсайыновамен сұхбат жүргіздік.

  • Айнаш Жақсылыққызы, шағын және орта бизнестің біздің Нұра ауданы бойынша даму барысымен бөліссеңіз.
  • Шағын және орта бизнес – еліміздің экономикасы мен әлеуметтік саласының өсуінің, тұрақты дамуының негізгі шарттарының бірі. Бүгінде мемлекет бизнес саласын «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында қолдап келеді. Бұған дейін қолданыста болған «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасы мен Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасын біріктіріп, жаңадан Ұлттық жоба бағдарламасы іске қосылды. Жалпы «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істеген сәтте аудан бойынша 7 млрд. 700 мың теңге сомасына 38 жоба қаржыландырылды, 80 жұмыс орны құрылып, 7 кәсіпкер 22 млн.теңге грант алды.
    • Жаңа жұмыс орнын ашу үшін көп жағдайда жаңадан жаңа кәсіп көзі керек қой. Осы бағытта жаңа бизнес ашам деген азаматқа қандай қолдау бар?
    • Жаңадан бастаған бизнес үшін ең тиімді шаралардың бірі гранттық қаржыландыру болып табылады. Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру тұрғысында тұрғындардың мемлекеттік гранттар конкурсына қатысуға мүмкіндігі бар. Грант сомасы 2 миллион теңгеден 5 миллион теңге аралығында тағайындалады. Бизнес-жобаның міндетті шарттары-ның бірі жаңа бизнес-идея болып табылады. Бұл дегеніңіз біздің аудан бойынша бұрын тіркелмеген бизнестің жаңа жобасын ұсыну керек деген сөз. Сол жобаның өміршеңдігі мен ел экономикасына әкелер пайдасы қарастырылып, арнайы комиссия шешімімен қайтарымсыз грант бөлінеді.
  • Біздің білуімізше, жыл сайын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында аудан әкімінің гранты бөлінеді. Бұған көп жағдайда өз ісін ашып, кәсібін дөңгелеткісі келетін азамат, азаматшалар қатысатынын білеміз. Осы аудан әкімінің гранты туралы айтып өтсеңіз?
  • Аудан әкімінің грантын 2017 жылдан бері 75 кәсіпкер иеленді, жалпы сомасы 30 млн. теңгені құрайды. Ағымдағы жылы аудан әкімінің грантына 7,2 миллион теңге бөлінді. Бұл қаражат грантқа үміткер жас кәсіпкерлер арасында тағы да арнайы құрылған комиссия шешімімен бөлінетін болады. Бұл жерде де үміткердің бизнес жобасына сай және жалпы грант көлемінің 10 пайызына дейін, яғни, 720 мың теңгеге дейін грант қаржысын иеленуге мүмкіндігі бар.
    • Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында бүгінде өнімділігі төмен бағдарламаларды сынға ала келе, талапты жастарды жұмыспен қамту, әсіресе бизнесін қолдауды тапсырды. Біздің аудан осы тапсырманы қалай орындауда?
  • Жастарды жұмыспен қамту бағыты — басты назарда. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы, еңбекке бейімдеу мақсатында «Дипломдық тәжірибе» бағдарламаларымен қатар, жеке өз ісін ашамын деген және ашқан кәсібін кеңейтемін деген 29 жасқа дейінгі азаматтарға берілетін арнайы грант та бар. Бұл грантқа үміткер азамат үшін басты талап бизнес-идеяның жаңашыл-дығы, бәсекеге қабілеттілік, жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.
  • Сіз айтқан тамаша мүмкіндіктерге ие болу үшін жастар грантты қайда, қалай өтетіні туралы мағлұматты қайдан ала алады?
  • Бұл жерде тағы түсіндіріп кететін жағдай бар. Егер де бұған дейін бизнесі бар болып, сол кәсіпті кеңейту мақсатында қаржылай көмек алғысы келсе, онда келесідей статустағы кәсіпкерлерге гранттар берілмейтінін атап өткен жөн. Біріншіден, қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысында тұрған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметі тоқтатылғандар, екіншіден, салық және мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі барлар және кредиттік тарихы бойынша тендерге қатысушының қаржылық міндеттемелері бойынша мерзімі өткен берешегінің болуы.
    Ал, жаңадан ісін бастаймын деген немесе жоғарыда көрсетілген талапттардан мінсіз өтіп тұрған жас кәсіпкерлер грантқа қатысуға өтінімді мемлекеттік гранттарға конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін «электрон-дық үкімет» веб-порталында электрондық цифрлық қолтаңба арқылы өтінім бере алады.
    Мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға өтінімдер Qoldau.kz цифрлық платформасы, eGov.kz электронды үкімет веб-порталы арқылы беріледі. Ақпараттық қызметке тегін қол жеткізу мақсатында электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып беруге болады. Жалпы бизнесті қолдау бойынша мемлекеттік бағдарла-малар барлық интернет сайттарда қолжетімді.
  • Бизнесті қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалардың тағы қандай жеңілдіктерін атап өтер едіңіз?
  • Бизнесті мемлекеттік қолдау барысында «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» негізінде кәсіпкерлерге келесідей қолдау шаралары ұсынылған. Егер несие алатын болсаңыз, алынған несие бойынша субсидиялау. Бұл жерде алған несиеңізге 5% мөлшерде үстемақыны өзіңіз төлесеңіз, қалған пайыздық өлшемін үкімет өтейді. Бұл жерде несиенің максималды сомасы: инвестициялық жоба 20 млн. теңгеге, айналым қаражатын толықтыру 5 млн.теңгеге дейін. Субсидиялау мерзімі — 3 жыл.
    Кепілдендірілген несиелерге келсек, егер несие бойынша кепілдіктеріңіз жеткілікті болмаса, кепілдік беріледі. Ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін – несие сомасының 85%, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін – несие сомасының 50%. Несиенің максималды сомасы 1 млрд. теңгеге дейін. Сонымен қатар «Kaspi Bank» АҚ, «Хоум Кредит Банкі» АҚ қатар несиелерді барлық екінші деңгейлі банктер қаржыландырады.
  • Сұхбатыңызға рақмет.

Сұхбатты жүгізген
Тазагүл Пішенбаева

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial