19 атау бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына апта сайын мониторинг жүргізіледі (1 сортты ұн, нан, макарон өнімдері, қарақұмық, күріш, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қант, күнбағыс майы, сиыр еті, құс еті, сүт 2,5%, сүзбе 5-9%, кілегей, жұмыртқа, тұз) .

  • инфляциялық үдерістерді ауыздықтау және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бойынша аудандық штаб және 5 жұмыс тобы құрылды (аудан әкімінің 11.01.2022 ж. N 3 өкімі);
  • әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында сауда үстемесі 10-15% болатын 19 атау бойынша ауыл және кент әкімдері арасында сауда орындарының басшыларымен 112 меморандумға қол қойылды;
  • апта сайын жергілікті тауар өндірушілердің, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Жаңаарқа аудандарының, сондай-ақ аудан тұрғындарының жеке шаруа қожалықтарының өнімдерінің қатысуымен жәрмеңкелер өткізіледі. Ет, сүт және азық-түлік өнімдері сатылады;
  • аудан кәсіпкерлерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы мәселелері бойынша кездесу өткізілді.
  • Қарағанды диірменінен 1 сортты ұнды келісін 120 теңгеден, ай сайын 45 тоннадан жеткізу туралы ауыл шаруашылығы басқармасымен және аудан әкімімен Меморандумға қол қойылды;
  • тұрақтандыру қорына 5764 тонна астық жөнелтілді
  • 149 тонна картоп («Шахтерское» ЖШС).
    Газдың шекті бағасы 2022 жылғы 6 шілдеден 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін белгіленді. (Қарағанды облысы бойынша 70-75 теңге/литр. Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының 05.07.2022 ж. No 16 бұйрығы) АИ-92 және АИ-93 бензині – 182 теңге, дизель отыны — 230 теңге (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 14 шілдедегі No 241 бұйрығы).
    -тамақ өнімдерінің белгіленген шекті рұқсат етілген бағасы орамжапыраққа -190 теңге/кг, тұз — 66 теңге/кг. Қазіргі таңда ауданда қырыққабаттың орташа бағасы — 121 теңге, тұз — 58 теңге.
    Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 «Қазақстан Республикасында тексерулерге және барлаумен профилактикалық бақылау мен қадағалауға мораторий енгізу туралы» Жарлығына сәйкес орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тексеруді және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тоқтату туралы бұйрық берілді.
    Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сауда үстемеақысының мөлшерінің сақталуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
    Бөлшек сауда субъектілерінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша сауда үстемеақысының мөлшерінен асып кету фактілері бойынша ден қою шараларын қабылдау «Нұра ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жатады.
    Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне қатысты тексерулер жүргiзу және әкiмшiлiк iс қозғау құқық қорғау органдарынан, басқа да мемлекеттiк органдардан түскен материалдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi негiзiнде жүзеге асырылады.
    Бағаны негізсіз көтеру және тауарлық үстемеден асып кету фактілері бойынша өтініштер түскен жоқ.

Құсайнова Айнаш Жақсылыққызы
Нұра ауданының кәсіпкерлік
және өнеркәсіп бөлімінің басшысы

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial