Аудандық мәслихат депутады және аудандық штаб мүшесі ретінде аудан әкімі Аян Шалмағанбетовтың қатысуымен Құланөтпес ауылы тұрғындарымен кездестім. Кездесу барысында еліміздегі науқан, Ата Заңға енгізілген өзгерістер мен түзетулер туралы мағлұмат берілді.
Конституцияның үштен бір бөлігі атап айтқанда 33 бабына өзгерістер мен түзетулер енгізілмек. Бұл бір – бірімен тығыз байланыстағы түзетулердің ең басты ұстанымы билік пен халық арасындағы тепе-теңдікті сақтау екендігісі жан-жақты пысықтала отырып жеткізілді.
5 маусым күні референдумды қолдаса да, қолдамаса да дауыс беру арқылы әр қазақстандық азамат елінің жарқын болашағына өз үлесін қосатыны айтылды.

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial