

Кеше «AMANAT» партиясының республикалық штабының мүшесі, Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай Дүйсенбайұлы Нұра ауданына келді.
Алғашқы кездесу Нұра ауданының мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелерімен басталды.
Негізгі мақсат – кездесуге қатысушыларға Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумның маңызы мен мақсатын жеткізу, сондай-ақ басқа да өзекті мәселелерді талқылау.
Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай Ел тағдырын анықтайтын реформаларға әр адамның қатысуының маңыздылығына тоқталды.
Аудандық мәслихат фракциясының мүшелері Конституцияға енгізілетін өзгертулерді қолдайтынын және бүкілхалықтық референдумға белсенді қатысатындарын айтты.
#ReferendumAMANAT
#AMANAT
#JanaQazaqstan