29 сәуір күні Нұра кентінің мәдениет үйінде 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне, 2022 жыл – балалар жылы, Нұра ауданы ардагерлер ұйымының 35 жылдығына орай Нұра ауданы тұрғындары арасында шахмат пен шашкиден жарыс ұйымдастырылды. Салауатты өмір салтын ұстану, тұрғындар арасында бос уақытты тиімді пайдалану мақсатында өткізілген жарысқа әртүрлі жастағы қызығушылығы мол отыз шақты қатысушы атсалысқан болатын. Жарыс тартысты өтті. Нәтижесінде, шахматтан мектеп оқушысы Сапаров Марғұлан – 1-орын, Абушахманов Абуали — 2- орын, Чемерисов Анатолий – 3-орын иеленді. Дойбы ойынынан Сагимбеков Боранбай – 1-орын, Рыспаев Марат – 2 -орын, Жакудина Гүлмира – 3-орынды жеңіп алды. Жеңісті күндеріңіз көп болғай!
Олжас БЕКСҰЛТАНОВ
“НҰРА ТАҢЫ”